Колледж жаңалықтары

4aKШM, 4aKШР, 4aРДO топтарының студенттері практикалық базаларда жазғы педагогикалық практиканы сәтті аяқтады.

11 қазан күні оқытушы Аманбаева А. 2аКШИ тобында жаңа педагогикалық технология пәнінен “Ізгілендіру принциптері Ш.А.Амонашвилидің жеке ізгілік технологиясы” тақырыбында сабақ өткізілді.

Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде мұғалімдер күніне арналған колледждің өзін –өзі басқару ұйымымен «Дублёр күні» өтті.

2023 жылдың 5 қазаны күні колледждің 1 курс студентері, АӘжТД пәні оқытушы-ұйымдастырушы, запастағы майор Б.А.Насыровтың басшылығымен қаламыздағы Ю.Гагарин атындағы балалар кинотеатрына барып, терроризм мен діни экстремизмнің алдын-алу мақсатында режиссер С.Утепбергеновтың "Шестой пост" филімін тамашалады. Фильмде қазіргі заманғы ержүрек жігіттеріміздің батырлығы, қаһармандығы мен қайсарлығы көрсетілген. Студенттер фильмнен керемет әсер алды.

Бұл күні жас буын бойында күш қуаты тасып тұрған кезінде еліне қызмет еткен қарияларымыздың даналығымен өмірлік тәжірибесіне құрмет көрсетеді. Осы орайда мереке қарсаңында колледжіміздің ерікті студенттері Орал қаласының ақпараттық талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығымен бірлесіп Орал арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы қарияларымызға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Колледжде «Саналы ұрпақ» ерікті студенттік клубының жұмысын жандандыру және оның құрамына жаңа мүшелерді қабылдау мақсатында студенттермен отырыс өтті. Жиналыс барысында студенттерге «Саналы ұрпақ» клубының мақсат, міндеті, жүргізілетін жұмыс түрі, қаралатын мәселелер туралы ақпарат берілді.

27 қыркүйек күні Орал гуманитарлық - техникалық колледжінің студенттері Ұлттық құндылық - тәрбиенің қайнар көзі атаумен М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде қазақтың алғашқы ілеспе аудармашыларының бірі Камал Әлпейісовамен кездесуге қатысқан болатын.

Орал гуманитарлық- техникалық колледжінде оқу-әдістемелік жұмысы жоспарына сәйкес «Жас маман» мектебінің отырысы өтті. Барысында жаңа педагогикалық технологияларды сабақта қолдану, Н.А.Утегенованың іс тәжірибесімен бөлісу, тренинг әдістерін сабақта қолдану тақырыптары ашылды. Қатысушылар педагог Куанышева А.Е., Н.А.Утегенова, Тюлегалиева А.Е. сабақта қолданатын әдіс- тәсілдерімен танысты. Кері байланыста өздеріне ұнаған жақтарымен бөлісті.

Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің 25-жылдығына орай қазақ тілі мен әдебиеті апталығы аясында «Ана тілі аруы» байқау өтті. Байқау мақсатыана тілімізді, рухани құңдылықтарымызды насихаттау, тіліміздің мәртебесін арттыру, аруларымыздың бойындағы ізгі қасиеттермен қоса, сөз саптау мәнері мен шешендік дәстүрін дәріптеу,ана тілін қастерлейтін тұлға қалыптастыру.

0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының 4аРДО тобының студенттері қаладағы мектепке дейінгі мекемелердің базаларында, No16 «Орман ертегісі», №19 «Алтын» балабақшаларында «Балабақшадағы оқу жылының басталуы» практикасын аяқтады. Әтеш», No22 «Колобок» бөбекжайы, No27 «Жігер» бөбекжайы.

FaLang translation system by Faboba