Колледж жаңалықтары

26 ақпан күні педагогика және психология апталығының «Ұжым және жеке тұлға» тақырыбы бағыты бойынша “Білімді және саналы студент” атты апталығының ашылуы өтті. Колледж студенттері білім, тәрбие туралы сөзжұмбақтарды шешді, мақал- мәтелдердің мағынасын түсіндірді. Оқытушылар мен студенттер көңілді сергіту сәтіне белсене қатысты. Апталық кезінде ұйымдастырылатын шаралармен таныстырылды.

21 ақпан күні Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің акт залында паралимпиада спорты бойынша Батыс Қазақстан облысы құрама командасының мүшесі, жеңіл атлетика және волейболдан спорт шеберіне кандидат, паралимпиадашы Умиралиев Бауыржан Жасқайратұлымен кездесу өтті.

Ағымдағы жылдың қаңтар айының 25 жұлдызында Орал гуманитарлық- техникалық колледжінің 1ВРШО, 2бРШО, 2бРШФ топ студенттерінің арасында мамандыққа баулу, практикадан алған әсерлерімен бөлісу мақсатында «Путь к успеху: моя профессия- учитель» тақырыбында квест-ойын өтті.

2024 жылдың 18 қаңтарында Орал гуманитарлық- техникалық колледжінің оқу- әдістемелік жұмысы жоспарына сәйкес әдістемелік кеңес отырысы өтті.

27.11 – 22.12 аралығында 01140100 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 4S01140101 «Бастауыш сынып мұғалімі» біліктілігінің студенттері №3 орта мектебінде, №6 А.С. Макаренко, №32 ЖОББМ, №19 орта мектеп, №46 орта мектеп, №45 орта мектеп, №40 орта мектеп, №7 орта мектептерінің базаларында практикадан өтті.

27.11-22.12 аралығында 01140500 «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 4S01140501 «Дене шынықтыру мұғалімі» біліктілігінің студенттері № 3 ЖОББМ, №10 ЖОББМ, №1 ЖОББМ, №40 ЖОББМ, №43 ЖОББМ базаларында тәрбие жұмысының технологиясы бойынша практикалық тәжірибеден өтті.

20 желтоқсанда Батыс Қазақстан полиция басқармасына Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шрақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының өкілдері келіп, Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттерімен кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.

2023 жылдың 14 желтоқсан күні Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің оқу-әдістемелік жоспарына сәйкес колледж педагогтары Ресей Федерациясы, Самара облысы, Тольятти әлеуметтік-педагогикалық колледжі ұйымдастырған «Үздік кәсіби тәлімгерлік тәжірибелер: инновациялық тәжірибе» атты халықаралық конференциясына қатысты. Конференцияның мақсаты: қоғамдық санада еңбектің маңыздылығы, педагогикалық ұжым мен тәлімгерлердің маңызы мен ерекше мәртебесі туралы түсініктерді қалыптастыру; кәсіби деңгейлерді көтерудің ұйымдастыру тетіктерін жетілдіру, үздік оқытушылар мен тәлімгерлер тәжірибесін ынталандыру және тарату; жастарды мұғалімдік кәсіпке тартудың қажетті құралдарын жасау; тәлімгерлік институтын дамыту. Конференция 4 секцияда жұмыс қарастырды: 1) Мұғалімнің инновациялық қызметі оның кәсіби өсуінің факторы ретінде; 2) Дәстүрлі және инновациялық тәлімгерлік технологиялары; 3)Мүмкіндігі шектеулі және мүмкіндігі шектеулі студенттермен тәлімгерлік жүргізудің заманауи тәжірибелері; 4) Студенттерді ұйымдардағы педагогикалық жұмысқа дайындау перспективалары.

FaLang translation system by Faboba