Колледж жаңалықтары

Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде өтіп жатқан «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні апталығы жоспарына сай, М.Горький атындағы қалалық кітапхана әдіскерлері Г.С.Изгалиева мен А.И. Кшимованың ұйымдастырумен «Мұрағаттар сыр шертеді» айдарымен «Газет – халықтың көзі, һәм құлағы» тақырыбында танымдық сағат оздырылды.

19-22 қыркүйек күні аралығында Орал гуманитарлық техникалық колледжінің психологы Тюлегалиева А.Е 1-2 курс топ студенттер арасында «Баланы жәбірлеу (буллинг) және кибербуллинг туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

13 қыркүйек күні 1аРШО, 1бРШО топтарында «Тәрбиедегі отбасының рөлі» тақырыбында тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Топ жетекшісі Г.С.Шотова студенттерді отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынас пен және қарым-қатынас сипатымен, отбасылық қарым-қатынас түрлерімен таныстырды.

13 қыркүйекте топ жетекшісі Г.С.Шотова 1аРШО, 1бРШО топтарынында «Буллинг белгілері және оның алдын алу жолдары» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Студенттер буллинг ұғымымен және оның белгілерімен танысты. Мектеп ортасында, жасөспірімдер арасында буллингтің белгілеріне мысалдар келтірді. Презентация бойынша буллингтің алдын алу жолдары талқыланды. Тәрбие сағаты студенттердің буллингке немқұрайлы қарауын қалыптастыруға бағытталған.

Білім күніне орай 1аРШО, 1бРШО топтарында «Колледж – кәсіби білім кілті» тақырыбында тәрбие сағатын өткізілді. Тәрбие сағатының басында топ жетекшісі Галия Садуакасовна студенттермен таныстыру тренингін өткізді.

Бүгін колледжде БҚО ресурстық орталық мамандарымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуде студенттерге мемлекет тарапынан көрсетілетін бағдарламалар туралы ақпарат берілді, сонымен қатар Жайық Жастары еріктілер корпусының жұмысына да шолу жасап, түсіндірілді. Еріктілер қатарына қосылғысы келген студенттер жазылып, қызығушылық білдірді.

FaLang translation system by Faboba