«ОРАЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕКЕМЕСІНІҢ ҚЫСҚАША ДАМУ ТАРИХЫ

Сапалы білім беруді қамтамасыз ету, ауыл жастары, аз қамтылған және көп балалы отбасының балаларына арнайы орта білім беруге мүмкіндік беру мақсатында, мұғалім мамандығы бойынша білім алғысы келетін, бірақ бюджеттік орындардың шектеулі болуына байланысты конкурстан өтпей қалған талапкерлер санының көптігіне байланысты 1998 жылдың 6-шілдесінде педагогика ғылымдарының докторы, профессор Құрманалина Шалқыма Хайроллақызының бастамасымен «Орал педагогикалық колледжі» мемлекеттік емес мекемесі құрылып, келесі мамандықтар бойынша маман даярлау қызметін жүзеге асырды:

1. 0316 – «Мектепке дейінгі білім беру»;

2. 0315 – «Бастауыш кластарда оқыту»;

3. 0319 – «Шетел тілі» (ағылшын);

4. 0321 – «Еңбек»;

5. 0318 – «Бейнелеу өнері» / негізгі орта білімнен кейін /;

6. 0318 – «Музыкалық білім беру» / негізгі орта білімнен кейін /;

7. 0308 – «Қазақ тілінде оқытылмайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті»;

8. 0309 – «Орыс тілі мен әдебиеті»;

9. 0310 – «Қазақ тілінде оқытылмайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті».

Колледж құрылған алғашқы жылында сақталған мәліметтер бойынша студенттер құрамы 626 адамды, инжернерлік-педагогикалық қызметкерлер – 57 штаттық бірлікті және 5 қосымша қызметкерді құраған. 2002 жылы 640 орта буын мамандары алғаш рет колледжден қанат қақты.

Көптеген маңызды және жарқын шараларға қатысу колледждің даму игі әсерін тигізді:

2003-2006 жж. – жыл сайын «Ең үздік жыл колледжі» облыстық байқауының қатысушысы;

2004 жылы - III «Қазақстан және ТМД елдерінің білімді ақпараттандыру» халықаралық форумының қатысушысы;

2006 жылы - IV «Қазақстан және ТМД елдерінің білімді ақпараттандыру» халықаралық форумы қатысушысы;

21.09.2007 жылы – Колледж Батыс Қазақстан облысы бойынша әділет департаментіне қайта тіркелуіне байланысты атауы «Орал гуманитарлық-техникалық колледж» мекемесі деп өзгертіліп, профилін өзгертті.

31.07.2008 жылы – білім беру қызметін жүргізуге арналған мемлекеттік лицензия алынып, келесі педагогикалық және техникалық мамандықтар бойынша кадр даярлау жалғастырылды:

1. 0204002 – «Әлеуметтік іс»

2. 0301002 – «Мектепте дейінгі тәрбие»

3. 0306002 – «Қазақ тілі және әдебиеті»

4. 0307002 – «Мемлекеттік тілде оқымайтын мектептердегі қазақ тілі және әдебиеті»

5. 0308002 – «Орыс тілі және әдебиеті»

6. 0310002 – «Дене тәрбиесі»

7. 0313002 – «Кәсіптік оқыту (сала бойынша)»

8.0314002 – «Бастауыш жалпы білім беру»

  • 0314012 – «Бастауыш мектептің мұғалімі»
  • 0314022 – «Бастауыш мектептің информатика мұғалімі»
  • 0314032 – «Бастауыш мектептің шетел тілі мұғалімі»

9. 0315002 – «Бейнелеу өнері және сызу»

10. 0316002 – «Шетел тілі»

11. 0318002 – «Технология»

12. 0322002 – «Саздық білім беру»

13. 0819002 – «Шаштараз өнері мен сәндік косметика»

14. 0824002 – «Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану»

15. 0829002 – «Қонақ үйлерде және туристік кешендерде қызмет көрсетуді ұйымдастыру»

16. 3703002 – «Есептеу машиналары, кешендері, жүйелері мен тораптары»

17. 3704002 – «Ақпараттарды өңдеу мен басқарудың (әр сала бойынша) автоматтандырылған жүйелері»

Жаңа мамандықтар бойынша білім беруді жүзеге асыру үшін колледжде шаштараз кабинеті, қонақ үй кабинеті, есептеу машиналарына арналған, 10 жаңа компьютермен жабдықталған оқу лабораториясы, компьютерлік құрылғылар мен көшірме аппараттарын жөңдеуге арналған лаборатория ашылды.

2008 жылы – ҚР СТ ИСО 9001-2001 «Сапа менеджментінің жүйелері. Талаптар» сәйкестік сертификатына ие болды.

2008 жылы - «Білім беруде АКТ-ны қолдану» облыстық байқауына қатысты.

2009 жылы – «Үздік кәсіптік-техникалық оқу орны» облыстық байқауында жүлделі III орынға ие болды.

2010 жылы - балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз етуге бағытталған «Балапан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде, сонымен қатар, колледж студенттеріне практика базасын жасақтау мақсатында «Орал гуманитарлық-техникалық колледжі» мекемесі жанынан 50-орындық шағын-орталық ашылды.

2012 жылы – ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Дүниежүзілік банк ұйымдастырған «Техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғырту» жобасы шеңберінде колледж құрылтайшысы мен оқытушылары ТжКБ-нің 0101000 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», 0103000 «Дене тәрбиесі және спорт», 0105000 «Бастауыш білім беру», 0111000 «Негізгі орта білім», 0104000 «Кәсіптік оқыту» мамандықтары бойынша 5 кәсіптік стандарт жасақтады.

2013 жылы – ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Дүниежүзілік банк ұйымдастырған «Техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғырту» жобасы шеңберінде (19.12.2013 жылғы хаттама) колледж «Кәсіптік стандарт негізінде техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары мен пәндері бойынша үлгілік оқу жоспары мен бағдарламаларын жасақтау әдіснамасын» жасақтауға қатысты.

Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттері мен түлектері облыс, республика, азия және халықаралық спорттық жарыстарда жүлдегер атанып, Қазақстан Республикасының Туын көкке көтеріп жүр.

Колледждің 20 жылдық даму жолында 3 мәрте (2003, 2010, 2015 жылдар) мемлекеттік аттестациядан өтіп, 2015 жылдың сәуір айында және 2020 жылдың желтоқсан айында институционалдық аккредитациядан өтіп, куәлікке ие болды.

2014-2015 оқу жылы «Шаштараз өнері мен сәндік косметика» мамандығының 3-курс студенті Пекшева Александра жұмысшы мамандықтар арасындағы «Worldskills» облыстық кәсіптік шеберлік байқауының жүлдегері атанды. Атырау қаласында өткен Ұлттық чемпионатқа қатысып жүлделі II орынға ие болды.

2015-2016 оқу жылы «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының 3-курс студенті Кажгалиева Дайана «Worldskills» облыстық чемпионатында I орынға, 2016 жылдың 12-15 қыркүйек күндері Астана қаласында өткен Ұлттық чемпионатта жүлделі III орынға және Түркияда кәсіптік тәжірибе алмасуға арналған сертификатқа ие болды.

«WorldSkills Oral – 2019» аймақтық чемпионатына колледждің «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзыреттілігі бойынша студенттері Тұрсынова Айгерім Арманқызы, Қуандықова Рамила Ерболатқызы, Шайдуллиева Дина Исатаевна, Арыстанғали Шынар Құмарқызы қатысып, қорытындысы бойынша 1-орынды Тұрсынова Айгерім, 3-орынды Қуандықова Рамила, «Үздік маман» номинациясын Шайдуллиева Дина қанжығалады. Тұрсынова Айгерім осы жылы «WorldSkills Kazakhstan – 2019» ұлттық чемпионатына қатысып келді.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 2 мамырдағы №208 «Білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие үрдісіне «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын кіріктіру бойынша пилоттық жобаны ендіру туралы» бұйрығына сай колледж 2017-2020 оқу жылдары аралығында республика бойынша пилоттық білім беру ұйымы болып тағайындалып, жұмыстанды. 2021 жылдан бастап колледж «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын іске асыру бойынша негізгі білім беру ұйымы болып табылады.

Колледж 2017 жылы «Ұлттық ақпараттандыру орталығы» АҚ-мен оқытушылардың біліктілігін көтеру, цифрлық білім беру ресурстарын қолдану арқылы студенттердің әдістемелік дайындығын арттыру және «М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті» РМК-мен білім беру процесін, педагогикалық кадр даярлау мазмұнын жетілдіру мен жаңарту бағытында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, жұмыстанып келеді.

Сонымен қатар, колледж 28.09.2018 жылдан бастап Ресейдің Самара облысының «Поволжск мемлекеттік колледжімен», 01.09.2020 жылжан бастап Ресейдің «Самара әлеуметтік-педагогикалық колледжімен», 01..09.2020 жылдан бастап М.Жұмабаев атындағы жоғары колледжімен өзара ынтымақтастық туралы келісім бойынша жұмыс жасауда.

Ұлттық экономиканың қозғалыс күші болып табылатын ең атақты кәсіпорындар мен білім беру мекемелерін анықтау үшін дәстүрлі жүргізілетін мониторинг бойынша колледж ҚР орта кәсіпорындар субъектілері категориясының «Жиынтық номинациясы» өлшемінде 100 үздік мекеме ішінен (алтын) табылып, 2015 жылы «Сала көшбасшысы», 2016 жылы «Білім беру үздігі», 2018 жылы «Жыл көшбасшысы», 2019 жылы «Сала көшбасшысы» ұлттық сертификаттарымен және қабырға медалдерімен марапатталды.

FaLang translation system by Faboba