Колледж жаңалықтары

Орал гуманитарлық-техникалық колледжі домбыра тарту челленджін қабылдап, Орал “Сервис” технологиялық колледжіне жолдайды!

13-14 наурыз күндері аралығында Шымкент қаласында, каратэ-до кекушинкай спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасының Чемпионатында «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының, 4аРШФ тобының студенті Тюлемесов Арзу – I орын алды. Құттықтаймыз!!!

Щучинск қаласында өткен спорттық бағдарлаудан Қазақстан Республикасының чемпионатында 1 б КШФ студенттері Төлеш Донеділ Губашева Алина 2.3 орын құттықтаймыз.

14.03.2023 колледжімізде ұлттық ойындар сайысы өткізілді.

Бүгінгі 14 наурыз - Көрісу айт мерекесі құтты болсын! Амал келді! Жыл келді! Ескі жыл есіркеп, Жаңа Жыл жарылқасын! Бір жастарыңызбен! Үміттеріңіз ақталып, мақсаттарыңыз орындалсын деп 1аКШИ тобы студенттері тілек білдіреді!

14.03.2023 колледжіміздің жастары оқытушылармен бірігіп АМАЛ мерекесін атап өтті. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!

Оқытушы К.К.Косбаева жетекшілік ететін 1аКШИ тобы ұлдарының ұйымдастыруымен халықаралық аналар күніне арналған «Қыз деген қырдың қызғалдағы» тақырыбында сазды шара оздырылды.

10.03.2023 ж колледжімізде 1аКШФ тобында ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс студенттердің мерекелік концертінен басталды. Алғы сөзі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Ж.Отарбай сөйлеп ата-аналарды құттықтады және колледжде өткізіліп жатқан іс-шаралармен таныстырып өтті. Колледж психологы Асылзат Елтайқызы ата-аналар арасында “Жүректен шыққан лебіз” аттв тренинг өткізді. Жиналыс пән оқытушылары К.К.Косбаева, Н.А.Утегенова, А.А.Муканова, топ жетекшісі Е.Б.Мажитовтың студенттердің сабақ үлгерімі,жетістіктері мен ескертілері бойынша қорытындыланды.

3 а 2в КШМ тобы "Ана сен бақыттысың!" Тақырыбында аяулы аналарына арнап мерекелік тәрбие сағатын ұйымдастырды.Жүректен шыққан жылы лебіздерімен қатар әннен шашу шашып күймен өрнектеді.

Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, жанын да аямаған ардақтысы. Ана баланың амандығын бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ана-тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Ана -ұлы адам, Ана-құдіретті жа!!! 8наурыз мйрамына орай 2аКШМ және 1вКШМ тобында «Мерекең құтты болсын, анашым» атты аяулы аналарымызға арналған мерекелік шара ұйымдастырылды. Топ студенттері шараға белсенді қатысып, өнерлерін көрсетті. Шара барысында аналарға арналып жүрекжарды тілектер айтылып, жыр шумақтары оқылды. Топ студенттері шараға белсенді қатысып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

FaLang translation system by Faboba