Темирбаев Алишер қыркүйек айында аударыспақтан 48 келі салмақта БҚО чемпионатында 1 орынды жеңіп алды.

Бибитова Милана Ғизатқызы 09.12.22-11.12.22 аралығында өткен әйелдер арасында су полосынан Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысып, 3 орынға ие болды.

2022 жыл желтоқсан айында Колледждің "Ашық жүрек" волонтерлер клубының жетекшісі Д.Е.Мазгутова және ерікті студент С.Саркесян "Техникалық және кәсіптік білім беру" ұйымдарының волонтерлері арасында "Волонтерлік қызметті жүзеге асырған ең үздік ұйым" атты облыстық презентациялар байқауына, колледждегі волонтерлер жұмысын көрсетіп қатысты. Бұл шарада біздің колледж "Ізгілік іс" номинациясымен марапатталды. Қатысушыларды құттықтаймыз.

Астана қаласында Самбодан 2007.2008 жылы туылған балалар арасында "Astana Sambo League"турнирінде 2 орын 1б КШФ тобы студенті Бижанов Шамил. Құттықтаймыз!

2022 жылдың қараша айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастауымен өтіп жатырған "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты ҚР жастарының арасында өткізілген "ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ" республикалық байқауына қатысып жүлделі I орын алған 4 курс студенті Сагидуллина Асем Амирханқызын құттықтаймыз!

2022 жылы 24 қазан күні Құрманғазы атындағы саз колледжінің базасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының дебат клубының жетекшілерінің арасында “Болашаққа үміт, жастарға сенім” атты облыстық пікірсайыс турниры оздырылды. Осы атылмыш пікірсайыс турнирінде колледжіміздің “QADAM” дебат клубының жетекшісі А.Е.Куанышева ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Құттықтаймыз!

4 Қараша күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының студенттері арасында «Ахмет Байтұрсынов оқулары» сайысы оздырылды.

Грек-рим күресінен 2004-2005 ж.т жастар арасындағы Нұр-сұлтан қаласында грек-рим күресінің негізін қалаушы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Валерий Константинович Лукьяновтың құрметіне V ашық республикалық турнирінде 130 келі салмақ дәрежесінде 4аРШФ тобының студенті Азбасаров Абылайхан III орынға иеленді.

Балалар жылына арналған Спорттық бағдарлаудан облыстық "Батыс - Азимут-2022" ашық жарысында 1б КШФ тобы студенті Төлек Донеділ мен Лемешева Алина 1 орындарға ие болды!

Орал гуманитарлық - техникалық колледжінің 4бРШФ тобының 4 - курс студенті Сисенова Карина Шамилқызы, Біріккен Араб Әмірлігіндегі, Дубай қаласында өткен ММА әлем чемпионатында жекпе - жек сайыстан шебер өнер көрсетіп, қарсыластарын айқын басымдықпен ұтып, 1 - орынға ие болды.

FaLang translation system by Faboba