Колледж жаңалықтары

Ағымдағы жылдың 23-27 қараша аралығында колледждің оқу-әдістемелік жоспарына сәйкес «Болашақ ұрпағы: ғылым мен білімнің тәжірибесі» тақырыбында 3-4 курс студенттерінің курстық жұмыстарына арналған шара өтті. Шара барысында студенттер курстық жұмыстарына көрсетілім жасап, курстық жұмыстың кіріспе, негізгі бөлімдерімен таныстырды. Студенттердің сұрақтарына жауап берілді, қорытынды бөлімдерін талаптарға сай рәсімдеу бойынша әдістемелік көмек көрсетілді.

Орал гуманитарлық –техникалық колледжінің 1-4 курс студенттерімен Орал қаласы ПБ Абай ПБ жергілікті полиция қызметі кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор, полиция лейтенанты Кажипов Абиш Қанатұлы, полиция аға лейтинанты Нуркаятова Мулдир Кайратовна, полиция лейтенанты Елемесов Ершат Кайратович жасөспірімдер арасында ққұқықбұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмысын жүргізді. Түсіндіру жұмысына жалпы 1аКДО-25 студент, 1аКШИ-24 студент, 3аРДО-20 студент, 2абКШФ-22 студент,1бРШИ,1бРШФ- 24 студент, 1аРШО- 25 студент барлығы 140білім алушы қатысты.

Педагогикалық практика сабақта алынған теориялық дайындықты практикалық іс-әрекетпен үйлестіруді қамтамасыз ететін оқу процесінің органикалық бөлігі болып табылады. 0111000 «Негізгі орта білім беру» мамандығының 4аКШР тобының, 0111023 «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» біліктілігінің студенттері №6 А.С. Макаренко атындағы ЖОББМ-де педагогикалық тәжірибеден өтеді.

27 қарашада Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің ұжымы мен студенттері киокушинкай каратэден Әлем чемпионатының чемпиондары мен жүлдегерлерін қарсы алды:

Педагогикалық практика сабақта алынған теориялық дайындықты практикалық іс-әрекетпен үйлестіруді қамтамасыз ететін оқу процесінің органикалық бөлігі болып табылады. 0111000 «Негізгі орта білім беру» мамандығының 4аКШР тобының, 0111023 «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» біліктілігінің студенттері №6 А.С. Макаренко атындағы ЖОББМ-де педагогикалық тәжірибеден өтеді.

1аРШО, 1бРШО топтарының студенттерімен сыбайлас жемқорлық құбылыстарының алдын алу үшін «STOP-сыбайлас жемқорлық!» 1бРШО тобының студенті Шапошникова Людмила сыбайлас жемқорлықтың себептері мен қауіптілігі туралы материал дайындады.

Қауіпті және зиянды әдеттердің алдын алу және ұлттық құндылықтарды: талап, ар-ұят қалыптастыру мақсатында 1аРШО, 1бРШО топтарында «Энергетик және есірткілер өмір сүру құны» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

17 қараша күні колледжіміздің белсенді студенттері мереке қарсаңында Байыр Мадина Нұрболатқызы және студенттік парламент президенті Аманбай Фариза Мұратбекқызы БҚО әкімі Н.Төреғалиевтің Алғыс хатымен марапатталды. Осы марапатпен студенттерді шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектің арқасында жеткен жетістіктеріңіз көп болсын. Сіздердей студенттерді тәрбиелеген ата-аналарыңызға алғысымыз шексіз!

17 қараша күні Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде Асық ату челленджі өтті.

Шараның мақсаты: қазақтың ұмытылып бара жатқан ұлттық ойыны «Асық ату» ойынын жаңғырту.

15 қараша күні облыстық жоғары спорттық шеберлігі мектебінің спортзалында футзал спорт түрінен Спорттық колледж лигасының облыстық кезеңі өтті. Орал гуманитарлық – техникалық колледж құрама командасы - I орынға иеленді. Біз спортшыларымыздың спорттық жетістіктерін мақтан тұтамыз және үлкен жеңістер әлі алда екеніне сенімдіміз! Команда жетекшісі: Хабиев Абай Максутович.

FaLang translation system by Faboba