Колледж жаңалықтары

14 қараша күні колледждің студенттерімен бүгінгі күнде жастар арасындағы құқықбұзушылық, интернет алаяқтық, құмар ойындар, буллинг, бопсалау мәселелерінің өршіп тұрғанын түсіндіру мақсатында колледж инспекторы, Абай ПБ полиция лейтенанты Елемесов Ершат Ерланович және Кажипов Абиш Қанатқалиевич кездесіп мол ақпарат берді.

10 қарашада 1аРШО, 1бРШО топтарының топ жетекшісі Г.С.Шотова студенттермен бірге «Студенттерді тәрбиелеу және олардың жеке басын қалыптастырудағы отбасының рөлі» тақырыбында, ұлттық құндылықтарды: талап, ар-ұят, ұлттық мүдде қалыптастыруға бағытталған алғашқы ата-аналар жиналысын өткізді.

Қараша айының 1-і күні 1а,бКДО тобында “Жақсы бала - Ата-ана қуанышы” атты ата-аналар жиналысы оздырылды. Жиналыс барысында топ жетекшісі А.Ғ.Төлеутаева ата-аналармен танысып, кері байланыс қалыптастырды. Әрі қарай топ студенттері мен ата-аналарға арналған “Қызымның ой-өрісімен таныспын” атты тренинг-ойын ұйымдастырылды. Колледжіміздің Директордың ОІЖ орынбасары А.М.Сагидуллина ата-аналарға оқу процесі туралы ақпарат берсе, пән оқытушылары студенттердің сабаққа қатысуы жайлы мәлімет берді.

0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының 4аРДО тобының студенттері қаланың мектепке дейінгі мекемелерінің базаларында, балабақшаларында: № 16 «Лесная сказка», №19 «Золотой петушок», №22 «Колобок» бөбекжайы, №27 «Жігер» бөбекжайыларында бақылау және байқау практикалары: «Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісінің кіші және жоғары топтарындағы іс-әрекеті практикасынан өтуде.

Музыкалық білім беру мамандығының студенттері 3в,4а КШМ тобында “Менің елім-Қазақстан!” Тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағаты топ арасында сайыс түрінде ұйымдастырылып, “Жасқазақ” “Жас - ұрпақ” “Бейбітшілік” тотарына бөлініп түрлі жарыс талаптарын орындады.Өз ауылы туралы клип,слайд құрастырып мақтанышпен таныстырды. Сонымен қатар қазақтың салт - дәстүрі туралы мәліметтер оқылып, сұрақтарға жауап берді. Сайыстың қорытындысында төрешілер әділ бағасын беріп, сайысты ұйымдастырушыларға алғысын айтты.

20 қазан күні оқытушы А.Ғ. Төлеутаева жетекшілік ететін “Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту” мамандығының 1а,б КДО тобында “Туған жерім- тұғырым” атты ашық тәрбие сағаты оздырылды.

25–қазан Республика күніне орай Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің ұйымдастыруымен «Жаһандағы заманауи Қазақстандық мәдениет» тақырыбында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары басшылары арасында облыстық ашық пікірсайыс турнирі өтті. Ашық пікірсайыс турнирін колледж құрылтайшысы Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Құрманалина Шалқыма Хайроллақызы Ұлттық мереке Республика күнімен құттықтау сөзімен ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

“Ерікті ел - Қазақстан” тақырыбында 2аКШФ тобында тәрбиелік шара оздырылды. Мақсаты: Отанымызды сүюге,қазақ екенін Қазақстанда тұратындығын мақтаныш етуге,туған халқының тілін,мәдениетін,салт- дәстүрін қасерлейтін саналы да парасатты азаматтар тәрбиелеуге баулу.

25-қазан – Республика күні қарсанында 2бРШО,РШФ топ студенттері арасында «Туған жердің тарихын білесің бе?» атты интеллектуалды викторина өтті. Қатысушылар туған жердің тарихын зерделеп, сұрақтарға жауап берді. Жеңімпаздар тәтті сыйлықтармен марапатталды.

25-қазан Республика күніне орай тәрбие сағаттар шеруі аясында Оқытушы Н.А.Утегенова 1аКШФ тобында «Туған жерім – тұғырым» атты тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты – Еліміздің тарихына шолу жасау, ақпараттар беру , өз Отанын сүюге, байлығын қорғауға, елжандылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін дамыту, Отаншылдық құрмет құндылығын арттыру.Тәрбие сағаты барысында тақырыпқа байланысты презентациялар көрсетіліп, ақпараттар берілді.Топ мүшелері отаншылдық, ұлттық мүдде, патриотизм ұғымдарына талдау жасап,өз ойларын ортаға сала білді. Елімізде мәңгі тыныштық болсын! Сүйікті Отанымыз Қазақстан мәңгі жайнай берсін, жарқырай берсін!

FaLang translation system by Faboba