Колледж жаңалықтары

Ағымдағы жылдың 19 наурыз күні НАУРЫЗНАМА тұжырымдамасына сәйкес Жаңару күніне орай жалпықалалық экологиялық акциясы аясында, 10 шағын ауданында облыс әкімі және қала әкімінің, қала тұрғындары мен студенттердің қатысуымен 80 түп қарағай көшетін отырғызу шарасына өткізілді. Көшет отырғызу шарасына колледжіміздің ерікті студенттері белсене қатысып, экологиялық акцияға өз үлестерін қосты.

Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде Наурызнама тұжырымдамасының алғашқы күні 14-Наурыз көрісу мерекесі аталып өтті. Таңнан кішілер үлкендермен көрісіп, үлкендер жастарға бата берді. Тәрбие бөлімі топ жетекшілерімен бірлесіп студенттерге наурыз көжемен бауырсақтан ауыз тигізді.

Колледж оқытушылары Идрисова А.Р., Шотова Г.С., Төлеутаева А.Г., Туенбекова Б.Ж. “Көрісу айт” мерекесіне белсене қатысып, бауырсақ және көже таратып дәм тәтқызды. Преподаватели колледжа Идрисова А.Р., Шотова Г.С., Толеутаева А.Г., Туенбекова Б. Ж. приняли активное участие в празднике “Көрісу айт”, угощали бауырсаками и көже.

Колледж студенттерімен “Қауіптің алдын алу“ тақырыбында ақпараттық сағат өткізіліп, бейнеролик көрсетілді. Шарада түрлі террористік актілер орын алса өздерін қалай ұстау керектігі, қандай номерге хабарлау керек, қалай қорғану керектігі түсіндірілді. Сонымен қатар терроризм актісі туралы жалған ақпарат тарату қылмыстық іс екені туралы айтылды.

8 наурыз аналар мерекесіне орай 1аб КШФ топтары «Сіздер үшін, махаббатпен» атты мерекелік шара ұйымдастырды. Мақсаты – Ана - өмір гүлі, анаға тек ұлылық тән екенін ұғындыру, анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру және студенттерді аналардың еңбегін бағалай, құрметтей білуге тәрбиелеу.

Педагогика және психология апталығында 2 - 3 курс студенттерімен «Қоғам және жастар» тақырыбында пікірталас өткізілді. Студенттер белсенді түрде талқылап, келісу және және келіспеу туралы өз дәлелдерін қолдады. Пікірталас сыни тұрғыдан ойлауды, дәлелдей білуді дамытуға ықпал етті.

Кездесуге Батыс Қазақстан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің шақыру бөлімінің басшысы Загидуллин Рифат Найльвич және орталығымыздың “Жастар бастамаларын қолдау” бөлімінің басшысы Бектұрсынов Аманат Алтынбекұлы және орталығымыздың теолог-маманы Асылбек Жанболатұлы қатысты.

Алғыс айту күніне-сан түрлі сынақтардан өткен халқымыздың ынтымақ-бірлігін айғақтайтын ерекше күн. Алғыс айту күніне орай колледжде мерекелік шара өтті.

Музыка кафедрасының студенттері 3-ші қалалық емханаға барып дәрігерлерге өздерінің алғыстарын білдіріп, керемет көңіл күй сыйлады!

FaLang translation system by Faboba