Колледж жаңалықтары

25 сәуір күні 1аКШР тобының студенті Устинова Анастасия Саратов облысындағы Балаково қаласындағы ұйымдастырылған «Формат 64» атты ІІ Халықаралық қолданбалы өнер сайысына қатысып, І орынға ие болды.  Ол ересек тобындағы «Қолданбалы шығармашылық өнер» номинациясында «Ұлттық киімдегі құыршақ» бағытындағы І дәрежелі Дипломмен марапатталды.

Колледжіміздің студенті, Сагинбаев Жарасқан, «28 Тоғызқұмалақ ерлер арасында командалық Қазақстан чемпионатында» жүлделі 1 орынды иеленді. Біз Жарасқанды құттықтай отырып, алдағы «Азия кубогының чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінсін деп тілек білдіреміз.

21-сәуірде «Музыка кафедрасының» «Мәңгілік елдің өлмес өнері» айлығының аясында коледжішілік «Екі жұлдыз» сайысы ұйымдастырылды.

Қазақ халқы қашанда өнермен өнерпазға кенде болмаған. Ал, ән әлеміндегі жұлдыздарымыздың орны бөлек. Аспан әлеміндегі сан жұлдыздың жарқырай көрінуі – бағының жанып, бабының келіскені деп ұғамыз.

19 сәуір 2017 жылы сағат 11.00-де Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде «Есірткісіз әлем үшін!» атты халықаралық акциясы оздырылды. Акцияға колледждің 185 студенті қатысты.

Акция мақсаты-нашақорлықтың қоғамға келтіретін кеселін, оның денсаулыққа тигізер зардаптарын студент санасына сіңіріп, қоғамға жат жаман әдеттерден қашық болуға, өзін де, өзгені де зиянды әдеттердің қасіретінен қорғай білуге тәрбиелеу, студенттердің бойында өмірге деген көзқарастарын, салауатты өмір салтын берік қалыптастыру, жеке тұлғаның санасын дамыту.

Осындай ұранмен ЭКСПО- 2017 көрмесіне, арналған концерттік шара өтті. Өзін- өзі басқару студенттері, және Жастар ісінің менеджері Д.Е Мазгутовамен бірге, барлық көрермендерге арналған, флешмоб ұйымдастырылды. 

14 сәуір 2017 жылы Орал гуманитарлық-техникалық колледж базасында мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен топ жетекшілері арасында жоспарланған «Үздік топ жетекшісі-2017» байқауы өтті. 

Психолог  Имашева сәуір айының 1- і күні Білім және ғылым, Ішкі істер, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрліктерінің бұйрығы бойынша, облыстық білім басқармасының тапсырмасымен  «Қазақстан Республикасында суицид превенциясы жобасын кезең-кезеңмен енгізу» атты колледж ұжымы мен кіші қызметкерлерін оқыту семинарының бірінші сабағын өткізді. Семинарда кәмелетке толмағандар арасында  суицидалды мінез-құлықтың алдын алу бойынша мәселелер айтылды Сабақтың бірінші бөліміне 40 оқытушы және 7 кіші қызметкер қатысып, суицидтің алдын алу жөнінде өз білімдерін толықтырды.

07.04.17 күні 3б КШО тобының студенттері «ЭКСПО – 2017» көрмесіне байланысты тәрбиелік шара өткізді. Шараның тақырыбы « Болашақ қуат аймағы Экспо -2017» деп аталды. Тәрбиелік шараның мақсаты Елордамыз Астана қаласында 10.06 -10.09 аралығында өтетін көрмеге байланысты топ студенттеріне мағұлмат беру болды. Шарада экспо көрмесінің тарихы және Елордамыз Астана қаласындағы экспо туралы айтылды.  

Студенттерге наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы халқымыздың салт – дәстүрін, әдет — ғұрпын үйрете отырып, «Наурыз» қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу мақсатында Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің 1-4 курс аралығында наурыз тақырыбына арналған шаралар оздырылып,  «Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні!» атты шарамен қорытындыланды.

Наурыз –– біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. 

Ұлыстың ұлы күні  музыкалық білім алып жатқан колледжіміздің студенттері үшін нағыз мейрам болды.  Ұстаздары мен қонақтарды – қол алысып  көрісейік,

Ақ ниетпен бөлісейік,

Болмасын деп жамандық,

Жылдан жылға аман сау жетіп,

Шалқып-тасып жүрейік –деп қарсы алып ,дәм-тұз ұсынылды.

FaLang translation system by Faboba