14 сәуір 2017 жылы Орал гуманитарлық-техникалық колледж базасында мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен топ жетекшілері арасында жоспарланған «Үздік топ жетекшісі-2017» байқауы өтті. 

Байқау мақсаты- білім беру жүйесіндегі тәрбие үрдісін жетілдіру және тәрбие жұмысының деңгейін арттыру, шығармашылықпен айналысатын жаңашыл топ жетекшілерін анықтау және қолдау көрсету.

Байқауға техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 25 топ жетекшілері қатысты.  

  «Үздік топ жетекшісі-2017» байқауының қорытындысы бойынша 1 дәрежелі дипломмен Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің педагогика, психология кафедрасы оқытушысы Шотова Ғалия Садуакасовна, екі 2 орын, үш 3 орын және 7 топ жетекшісі номинациялармен марапатталды.

 

FaLang translation system by Faboba