Колледж жаңалықтары

 

29 қарашада жергілікті уақытпен сағат 10.00-де 9 желтоқсан «Халықаралық сыбайлас жесқорлықпен күрес» күніне орай «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бірыңғай сағаты» атты бастаманы қолдау мақсатында колледжде «Құқықтық мәдениет-сыбайлас жемқорлықпен күрес» тақырыбында студенттерге қоғамға, мемлекетке, жеке тұлғаға зиян келтіріп отырған сыбайлас жемқорлық, парақорлықтың зияндылығы туралы және өскелең ұрпақты отбасында, ұжымда, топта парақорлық жағдайларының алдын алу, зиянды әрекеттерді болдырмау, сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік қатынастар құңдылығына тәрбиелеп, шығармашылық жұмыстар арқылы азаматтық көзқарасын, саяси санасын қалыптастырутуралытүсінік берілді. Соңынан студенттердің қатысуымен «Алға, Қазақстан!» атты  флешмобты Арбат бойында бастап, колледж аудиториялары мен дәлізде аяқтады.

2017 жылдың 21 қараша күні ОЖШСМ спорт залында шағын футболдан ұлдар арасында БҚО колледждер Лигасына Орал гуманитарлық-техникалық колледж құрама командасы қатысып І орынды жеңіп алып, 2 жыл қатарынан осы жарыстың чемпиондары атанды, сонымен қатар команда жетекшісі А.Қ. Қайбалиев «Үздік жаттықтырушы» деген атпен марапатталды. 

 

2017 жылдың 9 қараша күні «Арман» спорт кешенінде волейболдан ұлдар арасында колледж лигасының облыстық кезеңіне Орал гуманитарлық-техикалық колледж құрама командасы қатысып ІІІ орынды ие болды. Команда жетекшісі дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы С.Т.Газизов, команда мүшесінің ойыншылары:Амангелді Азатбек 1аКШФ, Тулегенов Даурен 1аКШФ, Муликов Жанедил 1кбКШФ, Сабитов Мерлан 1бКШФ, Тельманов Әлішер (1бКШФ), Қадырбаев Бақтияр 1бКШФ, Оңалбаев Рафхад 1кбКШФ, Жұмабаев Ерназ 1кбКШФ, Германов Денис 2бРШФ, Зинин Владислав 2вРШФ.

2017 жылдың 9 қараша күні «Арман» спорт кешенінде волейболдан қыздар арасында колледж лигасының облыстық кезеңіне Орал гуманитарлық-техикалық колледж құрама командасы қатысып І орынды жеңіп алды. Команда жетекшісі дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы А.С.Сабиева, команда мүшесінің ойыншылары: Қанатқали Қымбат 4кбКШФ, Абдрахманова Шынар 4бРШО, Васильченко Анна 4бКШИ, Темирболатова Айгуль 2бРШФ, ЧерняКсения 2бРШФ, Мельсова Ару 2кбКШФ, Мақсот Айша 1бКШО, Набиулла Айзада 1бКШК, Самаркина Наталья 1вРШФ.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында ТжКББ оқу орындарының инженер-педагог ұжымы мен студенттерінің туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, қазақ халқының және Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдерінің тілін, мәдениетін, салт-дәстүрлерін насихаттау, колледж жетістіктерін паш ету, озық іс-тәжірибелерін тарату, өскелең жас ұрпақты отансүйгіштік рухта тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін ояту мақсатында Орал гуманитарлық-техникалық колледж базасында «Рухани жаңғыру-болашақтың кепілі» атты фестиваль өтті.

3–11 қыркүйек күндері Венгрия мемлекеті Будапешт қаласында армрестлингтен жастар, қыздар арасында өткен Әлем Чемпионатында Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің 2016-2017 оқу жылының түлегі Каупенова Кенжеқыз Әлем Чемпионы атанды.

20 октября в Уральском  гуманитарно - техническом колледже состоялась традиционная  встреча с директором. Темой  встречи было знакомство студентов первого курса с исполнительным директором колледжа Утарбаевой Ляззат Жетебаевной. Открыл мероприятие студент 1 курса Әнжан, исполнив красивую песню «Ұстазым», затем номинантка конкурса «Стань звездой» Аманбаева Нурлайым станцевала узбекский танец.

14.10 күні Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінде тіл айлығы аясында студенттер арасында классик жазушы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің туғанына 120 жыл толуына орай ұйымдастырылған  колледжаралық «Шалқар шабытты жазушы» атты Мұхтар оқуларына 4б КШК тобының студенті Саламат Ернар, 3б КШО тобының студенті Габдолаев Алихан, 3б КШК тобының студенті Асылзат Асылбековаларды жетекшісі ретінде алып барып, белсене қатысқан үшін алғыс хат алып келді.

13.10 күні 4б КШК тобының студенттері Қайрат Әсемгүл, Алтынай Бақытжановалар Алашорда үкіметінің құрылғанына 100 жыл толуына орай Сырым ауданы орталығы Жымпиты ауылында «Айбынды Алаш жастары» аймақтың жастар форумына қатысты.

Оқушылар сарайында өткен «Жас медиа» жастар журналистикасын дамыту жобасы бойынша өткізілген медиамектебін сәтті аяқтағанын растап, Жобаны «Қазақстан жастарының конгресі» ЗТБ «Samruk-Kazyna Truzt» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен «Менің Елім» аймақтық әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Тележурналистика және тележүргізушілік» тақырыбындағы курстық семинарына 4б КШК тобының студенттері Әсемгүл Қайрат пен Алтынай Бақытжановалар  қатысып сертификаттарына ие болды.

FaLang translation system by Faboba