Колледж жаңалықтары

Ж.Молдагалиев атындағы облыстық әмбебап кітапханасы 23 сәуір күні сағат 15.00-17.00 аралығында Д.Нұрпейсова көшесіндегі (Н.Островский атындағы орыс драма театры мен Атриум Сауда үйінің алдындағы) жаяу жүргіншілер алаңында Бүкілдүниежүзілік Кітап және авторлық құқық күніне орай «Жаңарған дәуір- жаңарған оқу»  жобасы аясында «KITAPFEST-2018» фестивалі өтті.Мерекедеколледжіздің технология мамандығының студенттерінің шығармашылық көрмесі қойылып, «Алғыс хатпен» марапатталды.

«Қазақстан Республикасының Конституциясы-мемлекет пен қоғамның тұрақты дамуының негізі» атты техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары оқытушылары мен студенттерінің ІІ Республикалық ғылыми-практикалық конференциясында «Әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар» бағыты бойынша 4б КШК тобы студенті А.Қ.Бақытжанова І Дәрежелі Дипломмен марапатталды. Жетекшісі қоғамдық пәндер кафедрасының оқытушысы Н.А.Утегенова

19.04.18.«Білімді ел –Мәңгілік ел! Туған елім-түп қазығым байлығым!» тақырыбындағы музыка кафедрасының айлығы аясында колледж оқытушылары мен студенттеріне арналған музыкалық-эстетикалық таным, талғамын қалыптастырып, музыкалық өнерге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында , кафедрамыздың ұстазы «Мәдениет са­ла­сының үздігі» төс белгісінің иегері Шналиев Сағат Ұзақбайұлының «Өнерлінің өрісі кең!» тақырыбындағы «Орал сазы» ансамбілінде ширек ғасыр еңбек еткен және Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде бес жылдық еңбек жолының нәт нәтижесін қорытындылау мақсатында шығармашылық кеші аталып өтті.

21.04.18 Колледж оқытушылары мен студенттері «Гүлдене бер, туған ел!» акциясы аясында сенбілікке шығып, колледж аумағындағы теректердің түбін қопсытып, колледж айналасындағы Қ.Аманжолов,  М.Жүнісов, Самарская, Х.Чурин, Рабочая көшелері мен  Арбат бойындағы арықтарды қоқыстарынан арылтты. Сонымен бірге студенттер колледжішілік тазалық жұмыстарына да ат салысты.

20.04.18 Колледжде «Ашық есік күні» өтті. №40,45,47 мектептерінен 45 оқушы, 3 мұғалім колледж тарихымен танысып, 3-4 курс студенттер өздері білім алып жатқан мамандық туралы ақпарат берді. 

19.04.18 БҚО Тілдерді даыту басқармасының ұйымдастыруымен өткен  О.Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің байқауына қатысқан «Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі» біліктілігінің 3 курс студенті Кенжеғалиева Айза мен 2 курс студенті Мухамбетова Айкамен «Алғыс хатпен» марапатталды.

Орал гуманитарлық-техникалық колледжі базасында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының «National bookdating» республикалық акциясы өтті.  Акцияға колледждің 25 оқытушысы, «Негізгі орта білім» мамандығының 45 студенті және қалалық М.Горький атындағы кітапхананың қызметкерлері Г.Алғазы, А.Хамитова, Н.Шатимова қатысты. 

18.04. Көрнекті жазушы, ақын, публицист М.Жұмабаевтың туғанына 125 жыл толуына орай қалалық  М.Горький атындағы кітапханамен бірлескен «Мағжан жырлары мәңгілік» тақырыбында әдеби - поэзиялық кеш ұйымдастырылды. Кешке 30 студент қатысты.

17.04.Жастарды деструктивтік діни ағымдардан сақтандыру мақсатында БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы бөлім басшысы Қадошев Аман Бауыржанұлы  және БҚО дін зерттеу орталығының теологі Искалиев Талғат Мұратұлымен «Дін сауаттылығы» тақырыбында бейресми түрде кездесу өтті. Кездесуге колледждің 1 курс студенттері қатысты.(80 студент)

«Педагог» мектепке дейінгі тәрбие әдістемелік кеңес беру орталығының ұйымдастыруымен өткен «Жаңа формация педагогы» атты І Республикалық байқауына қатысқан колледждің  4б КДО топ студенті А.Темирболатова талапшыл, ізденпаз, жаңашыл педагогикалық шығармашылығы үшін ІІ Дәрежелі дипломымен марапатталып, «Оқып үйренейік» әуенді кестесін сыйлыққа алды. Жетекші ретінде оқытушыА. Б. Сарсенгалиевада ІІ Дәрежелі Дипломға ие болды.

FaLang translation system by Faboba