Колледж жаңалықтары

Колледжде қалыптасқан дәстүр бойынша студенттердің бойында қазақстандық патриотизмнің құндылықтарын тәрбиелеп, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру мақсатында колледжде әр аптаның дүйсенбі күні барлық топтарда 1 ауысымда сағат 8.15-те  Әнұран орындалды. 

11 мамырда БҚО білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Жалпыадамзаттық құндылықтар-колледжінің тұтастай педагогикалық үрдісінің негізі» атты семинары өтті. Семинар мақсаты-жалпыадамзаттық құндылықтар-рухани-адамгершілік білім берудің негізі туралы мәліметтер бере отырып, ұстаздардың бойында ізгілік қасиеттерді бала тәрбиесімен ұштастыра білуге бағыт беру.

7-10 мамыр аралығында Алматы қаласында өткен «Жеті Өнер» ІІ Халықаралық балалар мен жастар шығармашылық фестиваль-конкурсында Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің музыка кафедрасының оқытушысы Н.М.Нурушева жетекшілік ететін  «Seven stars» вокалдық ансамблі  БАС ЖҮЛДЕНІ, оқытушы С.У.Шналиев жетекшілік ететін «Жайық толқыны» фольклорлық ансамблі жүлделі І орынды иеленді. Сағат Ұзакбайұлы, Нұргүл Мұратқызы, Сіздерге үлкен шығармашылық табыс тілейміз!

 

9 мамыр Ұлы Жеңістің 73 жылдығына арналған «Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды!» атты тәрбиелік шара өтті. 

5 мамыр - Отан қорғаушылар күніне арналған «Ер – елінің қорғаны» атты сайыс ұйымдастырылды. Студенттердің бойында адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие бере отырып,  шыдмдылыққа, ептілікке тәрбиелеу.

3 мамыр күні Батыс Қазақстан индустриалды колледж базасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында «Ер борышын-ел қорғау!» атты облыстық Отан қорғаушылардың әскери-патриоттық байқауы өтті. Колледж атынан барған команда мүшесі, «Бастауыш білім беру» біліктілігінің 4 курс студенті  Абдрахманова Шынар дартс ойын түрінен жүлделі ІІ орынды иеленді, жетекшісі С.Г.Косдаулетов

1 мамыр - Қазақстан халықтары Ынтымағы күніне Орал гуманитарлық-техникалық колледж оқытушылары мен студенттері мерекелік шеруге шықты. 

Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Бүкілдүниежүзілік Кітап және авторлық құқық мерекесіне орай ұйымдастырылған «KITAPFEST-2018» фестивалі аясында өткен шараларға қатысып, қолдау көрсеткені үшін колледждің атқарушы директоры Л.Ж.Утарбаеваны «Алғыс хатпен» марапаттады.

26.04.2018 жылы БҚО Тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен көркемсөз оқу шеберлерінің «Абай оқулары» байқауына оқытушы К.К.Косбаеваның жетекшілігімен қатысқан «Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі» біліктілігінің 1 курс студенті Канаева Балнұр «Алғыс хатпен» марапатталды.

23-26 сәуір аралығында 4 курс студенттері кәсіби дайындық деңгейін бағалау тестісін тапсырды.

FaLang translation system by Faboba