Колледж жаңалықтары

Жаяу спорттық бағдарлаудан Батыс Қазақстан облысының ашық чемпионатында Ерболатов Нұртілеу l орын,

Ерғали Әли lll орынға ие болды.

Студенттер альянсының көшбасышыларымен кездесу

5 қазанда «Дублер күні» оқытушы Галия Садуакасовна Шотованың орнына дублер ретінде 2вРШО тобы студенттері Гмыря Элеонора Александровна («Жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшеліктері» пәні, 3бРШО, 2вРШО топтары), Кудесова Альбина Талаповна (пәні «Педагогикалық рефлексия», 3бРШО, 2вРШО топтары), 3аРШО тобы студенттері Лапкина Анна Валерьевна («Жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшеліктері» пәні, 3аРШО тобы), Пивень Анастасия Ивановна (Педагогикалық шеберлік негіздері, 2бРШИ тобы) сабақтарды өткізіп, өз ұйымдастырушылық, дидактикалық және коммуникативтік қабілеттерін көрсете алды.

Ерікті студенттер қарттарды мерекесімен құттықтады! 

13 қазан күні Орал ақпараттық технологиялар колледжінде қалалық «Кәсіптік бағдар беру» күнінің бірінші кезеңі өтті. Негізгі мақсат – студенттерге кәсіптік бағдар беру, орта білім алу қажеттілігін түсіндіру, негізгі кәсіптік білім алу. Оқушылар мамандықтар мен оқу мүмкіндіктері туралы ақпарат алды.

2023 жылдың 12-қыркүйегі күні 2абКШФ тобында топ жетекшісі Б.А.Насыровтың ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағаты студенттердің отбасы туралы түсініктерін кеңейту, өз жанұясы туралы әңгімелеу арқылы отбасылық құндылықтарды дәріптеу, ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу мақсатын көздей отырып, ой бөлісу түрінде ұйымдастырылды.

4aKШM, 4aKШР, 4aРДO топтарының студенттері практикалық базаларда жазғы педагогикалық практиканы сәтті аяқтады.

11 қазан күні оқытушы Аманбаева А. 2аКШИ тобында жаңа педагогикалық технология пәнінен “Ізгілендіру принциптері Ш.А.Амонашвилидің жеке ізгілік технологиясы” тақырыбында сабақ өткізілді.

Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде мұғалімдер күніне арналған колледждің өзін –өзі басқару ұйымымен «Дублёр күні» өтті.

2023 жылдың 5 қазаны күні колледждің 1 курс студентері, АӘжТД пәні оқытушы-ұйымдастырушы, запастағы майор Б.А.Насыровтың басшылығымен қаламыздағы Ю.Гагарин атындағы балалар кинотеатрына барып, терроризм мен діни экстремизмнің алдын-алу мақсатында режиссер С.Утепбергеновтың "Шестой пост" филімін тамашалады. Фильмде қазіргі заманғы ержүрек жігіттеріміздің батырлығы, қаһармандығы мен қайсарлығы көрсетілген. Студенттер фильмнен керемет әсер алды.

FaLang translation system by Faboba