Колледж жаңалықтары

1аКШИ тобында «Қазақтың ырым-тыйымдары» тақырыбында танымдық-тәрбиелік сағаты оздырылды.

Колледж студенттері қаланы су тасқынының алдын бойынша қардан тазалау жұмысына қатысты.

Мақсаты: Жас жеткіншектердің бойына үлкенді сыйлап тыңдай білуге, халқының салт – дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу. Студенттердің бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтау үшін және салт-дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу мақсатында Музыкалық білім беру мамандығында оқып жатқан 2в.3а КШМ тобының студенттері ұстаздарымен бірге қарттар үйіне барып қайырымдылық концерт қойып, тәттілер таратты, бірге биледі.

Алғыс - адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай - ақ оның ойы мен іс – әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беру, рақмет айту. 1 наурыз алғыс айту күні колледжде дәстүрлі түрде өтетін Алғыс айту шарасы өтті.

23 февраля в стенах колледжа прошла Масленица. Это — восточнославянский традиционный праздник, отмечаемый в течение недели. Студенты группы 3аКШР, 2вКШР Низамова Милана и Половинкина Алина подготовили и провели событие, угощали администрацию колледжа, преподавателей и студентов символами Масленицы - блинами, а также булочками и пирогами. На празднике прозвучали русские народные песни и частушки в сопровождении баяна.

Практика бойынша оқытушы-әдіскер, топ жетекшісі 09.01-17.02.23 аралығында қала мектептеріне барып, 4аРШФ, 3вРШФ топ студенттерінің диплломалды практикасынан өтуін қадағады. 31 қаңтар күні әдіскер Асель Биржановна Кужахметова 4аРШФ тобының студенттері Пешкова Олеся, Алиев Эдуард, Иманалиев Айбар, Шаутенова Асия №32 ЖББМ-де дипломалды практикасына қатысыты. Әдіскер мектеп мұғалімі Скакунов Сергей Викторовичпен бірге Иманалиев Айбардың сабағын талдап, сабақтың жақсы және әлсіз жақтарын атап өтті, сабақты әрі қарай жоспарлау мен өткізуге жол бермеу үшін жіберілген қателіктерді көрсетті.

Дипломалды практикасы - студенттің жалпы білім беретін мектеп базасында өз бетімен өтетін соңғы және өте маңызды практикасының түрі. 0103000 «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы, 010302 3 «Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі» біліктілігі, 4аРШФ тобы студенті Бакаушина Татьяна Дмитриевна №18 МББК-де дипломалды практикасынан өтті. «Ойындағы ұжымдық іс-әрекет және көшбасшылық» тақырыбындағы дене тәрбиесі сабағында студент әртүрлі жұмыс түрлерін орындады: жұптық, волейбол доптарымен жұмыс, волейболда допты беру тәсілдерін жетілдіру.

15.02.2023 Хадиша Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында Талғат Теменов пен Софы Сматаевтың шығармасы бойынша қойылған «Адасқан махаббат» атты мұңды драманың премьерасында 1аКШО тобы мен топ жетекшісі В.А.Сралиевамен қатысып қайтты. Оқиға негізінен жазылмас дерт меңдеген анасын емдету үшін амалсыз есірткі сатып, қолға түскен Нұрбақыт пен полиция полковнигі Қайыржанның арасында өрбиді.

Шаңғымен спорттық бағдарлаудан Орал қаласының ашық чемпионатында жалпы командалық есепте колледжіміздің құрамасы 3 орынға ие болды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

FaLang translation system by Faboba