Колледж жаңалықтары

14.03.2023 колледжіміздің жастары оқытушылармен бірігіп АМАЛ мерекесін атап өтті. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!

Оқытушы К.К.Косбаева жетекшілік ететін 1аКШИ тобы ұлдарының ұйымдастыруымен халықаралық аналар күніне арналған «Қыз деген қырдың қызғалдағы» тақырыбында сазды шара оздырылды.

10.03.2023 ж колледжімізде 1аКШФ тобында ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс студенттердің мерекелік концертінен басталды. Алғы сөзі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Ж.Отарбай сөйлеп ата-аналарды құттықтады және колледжде өткізіліп жатқан іс-шаралармен таныстырып өтті. Колледж психологы Асылзат Елтайқызы ата-аналар арасында “Жүректен шыққан лебіз” аттв тренинг өткізді. Жиналыс пән оқытушылары К.К.Косбаева, Н.А.Утегенова, А.А.Муканова, топ жетекшісі Е.Б.Мажитовтың студенттердің сабақ үлгерімі,жетістіктері мен ескертілері бойынша қорытындыланды.

3 а 2в КШМ тобы "Ана сен бақыттысың!" Тақырыбында аяулы аналарына арнап мерекелік тәрбие сағатын ұйымдастырды.Жүректен шыққан жылы лебіздерімен қатар әннен шашу шашып күймен өрнектеді.

Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, жанын да аямаған ардақтысы. Ана баланың амандығын бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ана-тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Ана -ұлы адам, Ана-құдіретті жа!!! 8наурыз мйрамына орай 2аКШМ және 1вКШМ тобында «Мерекең құтты болсын, анашым» атты аяулы аналарымызға арналған мерекелік шара ұйымдастырылды. Топ студенттері шараға белсенді қатысып, өнерлерін көрсетті. Шара барысында аналарға арналып жүрекжарды тілектер айтылып, жыр шумақтары оқылды. Топ студенттері шараға белсенді қатысып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

1аКШФ тобы студенттерінен құттықтау

06.03.2023 колледжімізде “8-наурыз Халықаралық әйелдер күні” мерекесіне орай 1бКШИ және 1бРШИ тобы студентері оқытушыларға арнап тәрбие сағатын өткізді. Топ студенттері дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейді.

04.03.2023 ж қалалық қаланы тазалау акциясы аясында Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің ұжымы, ер азаматтары колледж айналасын қардан тазалау жұмыстарын жүргізді.

1аКШИ тобында «Ерекше адамдар өмірінен» тақырыбында тәрбие сағаты оздырылды.

FaLang translation system by Faboba