College news

Елімізде орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына елеулі өзгерістер енгізілуіне байланысты қаламыздағы «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының лекторларымен 12-қаңтар күні Орал гуманитарлық - техникалық колледжі мен Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің оқытушыларына арналған «Жаңартылған білім беру бағдарламасы негізінде сабақты жоспарлау мен критериалды бағалау» және «Білім беру мазмұнының жаңаруы негізінде критериалды бағалауды қолданудың ерекшеліктері» тақырыптарында оқу семинары өтті.

15 қаңтардан бастап оқу бағдарламасына сәйкес екінші семестр басталды. Колледж бойынша 33 топ бар, топ жетекшілері Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын студенттермен топ сағаттарында танысып, талдады және алдағы уақытта да жалғасын табады.

13 қаңтар күні Орал гуманитарлық - техникалық колледжі ұжымы 2018 жыл 10 қаңтар күні Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқылады. Жиналысты колледжіміздің атқарушы директоры, э.ғ.к. Утарбаева Ляззат Жетебаевна ашып, Елбасының кезекті Жолдауының мақсат-міндеттеріне шолу жасап, Қазақ елінің жаңа әлем көшбасшыларының қатарына қосылатынын сенімді көзқараспен айтты.

ҚР-ның Тәуелсіздігінің 26 жылдық мерекесіне және Кеңес Одағының Батыры И.И.Коняхинді еске алуға арналған пневматикалық қарудан ату спортынан қалалық жарыста 1б РШФ тобы студенті Сапов Александр жүлделі І орынды иеленді.

18-20 желтоқсан аралығында самбо күресінен 2000-01ж.т. жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы БҚО-ның чемпионатындағы 70 келі салмақ дәрежесінде 1б КШК тобы студенті Набиулла Айзада І орынмен марапатталды.

FaLang translation system by Faboba