College news

Қазақ халқының ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып келе жатқан даналығы мен терең саналығын бойына дарытқан қазақ қыздарының танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамытып, көпшілік алдында өзін – өзі  ұстай білуге, әдептілікке, мейірімділікке, сұлулыққа тәрбиелеу мақсатында және Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында  15 наурыз күні колледждің 1-2 курс қыздары арасында «Ақ моншақты аруым!» атты сайыс оздырылды.

Студенттерді қазағымыздың салт - дәстүрлерінің бірі – Ұлыстың Ұлы күнінің бастамасы - амал мерекесінің ерекшелігімен таныстыру және үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, сыйластыққа баулу мақсатында Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде 14 наурыз күні «Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні» тақырып аясында шаралар басталды.

Қазақстан халқы 2016 жылы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өтті. 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойған болатын. Содан бері, 1 наурыз - Алғыс айту күні Республика көлемінде биыл үшінші жыл қатарынан аталып өтуде. 

26 ақпан күні Орал гуманитарлық-техникалық колледжі жанындағы Шағын орталық бүлдіршіндеріне «Музыкалық білім беру» мамандығының жанында құрылған «До-ми- Соль» музыкалық театры келіп «Қасқыр және жеті лақ» музыкалық ертегісін қойып, бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Театр жетекшісі А.Р. Идрисова қойылым коюшылар 2бКШМ тобының студенттері.

FaLang translation system by Faboba