ОРАЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

«Біз оқуға, оқытуға және жасақтауға үйретеміз»

СТУДЕНТТІҢ АНЫҚТАМАЛЫҚ ЖОЛ КӨРСЕТКІШІ

2017-2018 оқу жылы

Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің «Студенттің анықтамалық жол көрсеткіші»

 

Құрастырушы: Утарбаева Ляззат Жетебаевна, э.ғ.к., колледждің атқарушы директор

Жол көрсеткішіндегі ақпараттар студенттерге колледж қызметінің ерекшелігімен танысуға арналған көмекші құрал.

Жол көрсеткішінде І курс студенттеріне колледж мамандықтары туралы, оқу корпусында орналасқан аудитория реті, келу жолы, сабақ кестесі, әкімшілік туралы ақпарат, банк деректемелері, колледж ішкі тәртібі ережесінен көшірме, оқу үрдісінен ақпарат келтірілген. Жол көрсеткішінде берілген ақпарат І курсқа қабылданған студенттерді колледж өмірімен, сабақ үрдісінің ұйымдастырылуымен, аралық және қорытынды бақылау, студенттің құқығы, міндеттерімен таныстырады. Сонымен қатар, жол көрсеткішіне жастарды рухани-адамшгершілік, патриоттық тәрбие, Отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастыруда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны мәтіні және Астанада Ассамблея төрағасы, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен ұйымдастырылған Қазақстан Халқы Ассамблеясының ХХІҮ сессиясында қабылданған «Мәңгілік ел» патриоттық актісінің Жеті негізгі бағытты енгізілді.

Берілген жол көрсеткіші кураторларға көмекші құрал ретінде және жаңадан қабылданған студенттердің оқу үрдісіне тез бейімделуіне мүмкіндік туғызады

© Орал гуманитарлық - техникалық колледжі, 2017


МАЗМҰНЫ

1.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ӘНҰРАНЫ

4

     

2.

«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ПАТРИОТТЫҚ АКТІСІ

5

     

3.

БІЗДІҢ МАМАНДЫҚТАР

7

     

4.

КОЛЛЕДЖ ТАРИХЫ

8

     

5.

КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ

9

     

6.

БІЗГЕ ҚАЛАЙ ЖЕТУГЕ БОЛАДЫ ?

10

     

7.

БАНК ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ (ОҚУ АҚЫСЫН ТӨЛЕУ ҮШІН)

11

     

8.

КАБИНЕТТЕР ОРНАЛАСУ СЫЗБАСЫ

12

     

9.

ҚОҢЫРАУ КЕСТЕСІ

15

     

10.

2017-2018 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН КҮНДІЗГІ ОҚУ БӨЛІМІ СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН КҮНТІЗБЕ

15

     

11.

2017-2018 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН СЫРТТАЙ ОҚУ БӨЛІМІ СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН КҮНТІЗБЕ

15

     

12.

КОЛЛЕДЖ ӘКІМШІЛІГІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ (01.09.2016Ж.)

16

     

13.

КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛАҒАН ІШКІ ЕРЕЖЕДЕН КӨШІРМЕ

18


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны

Сөзі: Жұмекен Нәжімеденов

Нұрсұлтан Назарбаев

Әні : Шәмші Қалдаяқов

Алтын күн аспаны,

Алтын дән даласы,

Ерліктің дастаны,

Еліме қарашы!

Ежелден ер деген,

Даңқымыз шықты ғой.

Намысын бермеген,

Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,

Гүлің болып егілемін,

Жырың болып төгілемін, елім!

Туған жерім менің - Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,

Кең байтақ жерім бар.

Бірлігі жарасқан,

Тәуелсіз елім бар.

Қарсы алған уақытты,

Мәңгілік досындай,

Біздің ел бақытты,

Біздің ел осындай!

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,

Гүлің болып егілемін,

Жырың болып төгілемін, елім!

Туған жерім менің - Қазақстаным!

«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ПАТРИОТТЫҚ АКТІСІ

 

«Халық өмірі оның келесі ұрпағымен жалғасып отырады. Сондықтан Халықтың Мәңгілігі туралы арманнан асқақ арман жоқ. Мәңгілік Ел - бұл ертеңгі күнге есік ашатын, болашаққа сенімді арттыратын идея, бұл - кері қайтпайтын және берік тұрақтылықтың символы...»

Н.А.Назарбаев

Біз, байырғы қазақ жерінде бір тағдыр және тарихи жад арқылы байланысқан, Ұлы Дала Елінің даңқты тарихы мен дәстүрлерін жалғастырған Қазақстан азаматтары, көптеген ұрпақтың Тәуелсіздік туралы арманын іске асырып, болашақ ұрпақ алдындағы қасиетті парызымызды, бейбітшілік пен келісімнің, бірлік пен тұтастықтың маңыздылығын сезініп, қоғам мен мемлекеттің жоғары мүдделерін негізге ала отырып, Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейлі жылында осы Мәңгілік Ел - патриоттық актісін қабылдаймыз.

Елбасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көшбасшылығымен жаңа Қазақстанның тарихын жазудың биік мәртебесі мен жауапкершілігі біздің ұрпақтың үлесіне тиді.

Елбасының маңына топтасу арқылы біз ұлы жетістіктерге толы жолдан өттік және бүгінде өзімізді Тәуелсіз Қазақстанның - қуатты әрі табысты мемлекеттің азаматымыз деп мақтанышпен айтамыз.

Біз, Қазақстан азаматтары, Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи «Тәуелсіздік толғауын» негізге ала отырып, Болашағы Біртұтас Ел - Мәңгілік Елді құру жолында біргеміз.

Мәңгілік Елдің өзегінде қарапайым, түсінікті және біздің әрқайсымыз үшін ең қымбат ақиқаттар - отбасымыздың амандығы, қонақжайлық және еңбексүйгіштік, тұрақтылық, қауіпсіздік және бірлік, ертеңгі күнге деген сенім ұғымдары орныққан.

Біз Мәңгілік Елдің мызғымас Жеті тұғырын нығайтуға, сақтауға және ұрпақтан ұрпаққа аманат етуге шақырамыз.

Мәңгілік Ел, бұл-Тәуелсіздік және Астана. Біз Тәуелсіздікті нығайтудың тарихи ұлы миссиясына адал боламыз.

Біз Астананы халқымыздың гүлденуі мен қуатының жарқын белгісі ретінде әрқашан мақтан тұтатын боламыз.

Мәңгілік Ел, бұл - Жалпыұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім. Біздің Отанымыз бір, ол - Тәуелсіз Қазақстан, біздің еліміз бір - тағдырымыз ортақ. Бейбітшілік пен келісімнің ұлы ісіне адал халықтың ғұмыры мыңжылдықтарға жалғасады.

Мәңгілік Ел, бұл -Зайырлы Мемлекет және Жоғары Руханият.

Азаматтық және рухани құндылықтардың бірлігі бізге өз жолымызды табуға және өзімізді бүкіл әлемге мәшһүр етуге мүмкіндік берді. Біз еліміздің бірегей рухани келбетін айқындайтын діндер мен өркениеттердің жаһандық үнқатысуын одан әрі жан-жақты дамытатын боламыз.

Мәңгілік Ел, бұл -Инновация негізіндегі тұрақты Экономикалық Өсім. Біз мемлекеттің индустриялық және инновациялық күш-қуатын дамытып, табиғи ресурстар мен қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарап, қоғамда білім мен ғалымдық культін елдің зияткерлік іргетасы ретінде бекітетін боламыз.

Мәңгілік Ел, бұл - Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы.

Елдің барлық табыстары мен жетістіктері - барша қазақстандықтардың күн сайынғы қажырлы еңбегінің нәтижесі.

Біз елдің әрбір азаматының жасампаздық әлеуетін жүзеге асыру үшін жағдай жасай отырып, еңбексүйгіштік және жауапкершілік, Еңбек Адамына құрмет сынды құндылықтарымызды нығайтамыз.

Мәңгілік Ел, бұл -Тарихтың, Мәдениет пен Тілдің ортақтығы.

Біз ортақ тарихи мұрамызды мұқият сақтайтын боламыз. Біз Қазақстан халқының мәдени әралуандығын арттыра түсеміз. Біз мемлекеттік тілді қоғамды біріктірудің негізі, үштілділікті Елдің бәсекеге қабілеттілігінің басты шарты ретінде дамыту қағидатын ұстанатын боламыз.

Біз - Үлкен Ел - Үлкен Отбасымыз.

Мәңгілік Ел, бұл - Ұлттық қауіпсіздік және Қазақстанның жалпы әлемдік және өңірлік проблемаларды шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.

Біз өз жетістіктерімізді қорғауға тиіспіз.

Ұлттық қауіпсіздікті нығайту әрбір азаматтың, өз елі патриотының қасиетті парызы болып саналады.

Біз бейбітшілік пен келісім идеясын ілгерілете отырып, еліміздің халықаралық аренада мойындалған беделін нығайта түсетін боламыз.

Біз Мәңгілік Елдің қастерлі құндылықтарын басшылыққа аламыз.

Біз Отанымыздың көк байрағын асқақтата көтеріп, еліміз жеткен жаңа биіктерде желбірететін боламыз.

Бұл - біздің болашақ ұрпақ үшін, Қазақстан халқының амандығы мен гүлденуі үшін жасаған саналы таңдауымыз!

Біртұтас Еліміз - Мәңгілік Ел қуатты болсын!

Қазақстанның мәңгілік мекені - Ұлы Дала Еліне бата қонып, бақ дарысын! Алға, Қазақстан!

 

БІЗДІҢ МАМАНДЫҚТАР:

Колледж 12 мамандық бойынша мамандар даярлайды:

- 0101000 "Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту"
- 0103000 "Дене тәрбиесі және спорт"
- 0105000 "Бастауыш білім беру"
- 0106000 "Бейнелеу өнері және сызу"
- 0107000 "Технология"
- 0108000 "Саздық білім беру"
- 0111000 "Негізгі орта білім беру"

- 0501000 "Әлеуметтік жұмыс"
- 0506000 "Шаштараз өнері және сәндік косметика"
- 0510000 "Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану"

- 0512000 "Аударма ісі"
- 1304000 "Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету"

Білім алушыларға өз еріктеріне қарай қосымша біліктілік беріледі:

- дизайнер;
- ДК операторы;
- тренажер залы нұсқаушысы;

- күтуші;

- шағын комплектілі мектеп мұғалімі;

- мектеп алды даярлық мұғалімі;

-бастауыш мектептің шетел тілі мұғалімі;

КОЛЛЕДЖ ТАРИХЫ

Оқу орнының құрылу жылы:

1998 ж. МЕМ «Орал педагогикалық колледжі».

Қысқаша тарихи анықтама:

1999 ж. – ҚРББ МЕМ Ассоциация мүшесі;

2005 ж. – ҚР ПБ Академиясы мүшесі;

2005 ж. - Облыстық «Әдістемелік идеялар фестивлі», II орын;

2006 ж. - «Қазақстан және ТМД білім жүйесін ақпараттандыру» атты IV халықаралық форумға қатысу;

2003-2006 ж. - «Үздік колледж» облыстық байқау қатысушысы;

2007 ж–МЕМ «Орал педагогикалық колледжді» «Орал гуманитарлық-техникалық колледж» Мекемесі болып өзгертілді;

2007 ж. - СМК ИСО 9001-2001 сәйкес сертификаты;

2008 ж. - «АКТ-ны сабақта қолдану» областық байқау қатысушысы;

2010ж. - Мемлекеттік “Балапан” бағдарламасы аясында 50 орындық мектепалды шағын орталықтың ашылуы;

2012 ж. - «Кәсіптік және техникалық білім беруді жаңғырту» жобасы аясында ҚР БжҒ Әлемдік банктен қарыз алу арқылы 5 мамандық бойынша ТжКББ стандарттарын жасақтады:

- «Мектепке дейінгі тәрбие»

- «Дене тәрбиесі және спорт»

- «Негізгі білім беру»

- «Бастауыш білім беру»

- «Кәсіптік білім беру»

2013ж. - «Кәсіптік және техникалық білім беруді жаңғырту» жобасы аясында ҚР БжҒ Әлемдік банктен қарыз алу арқылы (хаттама 19.12.2013ж) ТжКББ негізінде модульдік оқу жоспарлары және бағдарламалары жасақталды.

Сәуір-мамыр 2015ж. – институциональды аккредитациядан өтіп, 22.05.2020 жылға дейін білім беру сапасын қамтамасыз ету Тәуелсіз Қазақстандық агенттігінің институциональды аккредитация куәлігін (тіркеу нөмері IA №014 23.05.2015ж.) алуы

Қараша, 2015 ж.- мемлекеттік аттестаттаудан сәтті өтуі;

Наурыз, 2016ж. – Қазақстан Республикасы шағын кәсіпкерлерінің ТОП-100 рейтингісі бойынша 1орын (АЛТЫН) және «Сала үздігі» атағын жеңіп алуы.

Наурыз, 2017 ж. – Батыс Қазақстан облысы шағын кәсіпкерлерінің ТОП-10 рейтингісі бойынша 1орын (АЛТЫН) және «Білім беру үздігі» атағын жеңіп алуы.


КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ:

Әр студенттің тұлғалық және кәсіби қабілеттерін жоғары деңгейде дамыту, жас ұрпақтың рухани құндылықтарын сақтау мен арттыру, қазіргі қоғам жағдайында табысты әлеуметтену мен еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілікке қажетті тұлғалық және кәсіби құзыреттіліктердің сапалы негізін қалыптастыру.

Колледж қоғамның озық интеллектуалдық элитасын дайындауға, педагогикалық менеджмент пен инновациялық бағыттарды интеграциялау негізінде тұлға, мемлекет пен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған.

«Біз оқуға, оқытуға және жасақтауға үйретеміз!»

Болжам:

Біздің орнымыз:

Орал гуманитарлық-техникалық колледжі – орта буын мамандарын даярлайтын ғылыми-білім беру кешені, ғылыми зерттеу жұмыстарын енгізетін, тәрбие мен білімді интеграциялау орталығы.

Орал гуманитарлық-техникалық колледжі – Батыс Қазақстан облысындағы педагогикалық және техникалық кадрлар даярлайтын негізгі оқу орындарының бірі.

Біздің қызметіміз:

- білім берудің ортақ стандарттарын пайдалану арқылы ақпараттық қоғам жағдайында жұмыс жасайтын кадрларды даярлаймыз;

- аймақтың қажеттіліктерін анықтап жаңа мамандықтар, мамандандырулар мен бағыттар енгіземіз;

- оқытудың жаңа формаларын, әдістері мен технологияларын жасақтаймыз және енгіземіз;

- білім мазмұнын дамыту мен сапасын қамтитын ТжКББ-дің ғылыми-педагогикалық

- қоғамдастығы, кәсіпорын, мекемелер мен ұйымдардың өкілдерінің әрекеттерін реттеуге

- қатысамыз;

- мемлекеттік және бизнес-құрылымдармен, қоғамдық ұйымдармен және әртүрлі меншіктегі шаруашылық субъектілерімен, халықаралық ұйымдармен, кәсіптік және академиялық қоғамдастықтармен серіктестікті қолдаймыз және дамытамыз;

- ортақ ақпараттық кеңістікті дамыту үшін ТжКББ, мемлекет және қоғамның күштерін консолидациялауға қатысамыз.

Неге ұмтыламыз:

Колледжде бәсекеге қабілетті үйлесімді-дамыған тұлғаны тәрбиелеуде жоғары нәтижеге жетуге;

Ғылыми-әдістемелік жұмыс жүйесінде білім беруді ақпараттандыру, электрондық оқыту, инновациялық технологияларды енгізуге.

Мақсатымыз:

ТжКББ-дің республикалық және әлемдік көшбасшылары тобына ену. Қазақстанның мүддесі үшін қызмет етуге бағытталу, қоғамның педагогикалық, басқару және мәдени элитасын, орта буын мамандарын алдын-ала даярлауға ықпал ету; ақпараттық технологияларды белсенді пайдалану негізінде педагогикалық үрдісті жетілдіру, тұлғаны үйлесімді дамыту және өз саласындағы көшбасшы болуға бейім арнайы білімді мамандарды даярлау.

БІЗГЕ ҚАЛАЙ ЖЕТУГЕ БОЛАДЫ?

Автобустар маршруттары:

Темір жолы бекетінен – автобустар: №5, 7, 35 –«Облисполком» аялдамасы

Автобекеттен – автобустар: №2, 12, 25 – «Облисполком» және «Типография»

4,6,7,9 ш\а – автобустар: №1, 5, 35 –«Облисполком» аялдамасы

Зашаған, Кең дала, Сарытау ш\а – автобустар №2, 6, 7 – «Нацбанк» аялдамасы

Селекционный ш\а – автобус №7 «Нацбанк» аялдамасы

«Орал гуманитарлық-техникалық колледжі» мекемесі

Мекен-жайы: ҚР, БҚО, Орал қ., Қ.Аманжолов көш., 108

Телефондар: 51-30-96

Факс: 51-30-96

Электронды пошта: ugtk­_108@ mail. ru

Web-сайт: www.ugtk.kz

Банк деректемелері (оқу ақысын төлеу үшін):

І курс студенттері мен абитуриенттер үшін:

Банк Центр Кредит арқылы:

«Орал гуманитарлық-техникалық колледжі» мекемесі

БИН: 980740000146

Р/С: KZ918560000000524968

Банк Центр Кредит

БИК KCJBKZKX

Қ.Аманжолов көш., 108.

Басқа студенттер үшін:

«Казкоммерцбанк» АҚ арқылы (QAZKOM):

Орал гуманитарлық-техникалық колледжі» мекемесі

БИН: 980740000146

Р/С: KZ539260201182052007

АО "Казкоммерцбанк"

БИК KZKOKZKX

Қ.Аманжолов көш., 10

 

Кабинеттер орналасу сызбасы:

І қабат

 ІІ қабат

 

 

Негізгі оқу ғимараты:

І қабат:

Гардероб

№1 –қоғамдық пәндер кабинеті

№2 – АӘД кабинеті

№3 – қазақ тілі кабинеті

№4 – қазақ әдебиеті кабинеті

№23 - IT технология лабораториясы

№22 – педагогика и психология кабинеті

Оқытушылар бөлмесі

Буфет

Ауладан:

Кітапхана

№№8, 9, 10, 11, 14 – музыка кабинеттері

№12 – ш\о қоймасы

№13 – ш\о изоляторы

№16 – ш\о мед.пункті

№17 – колледж медицинский пункті

№18 – процедура бөлмесі

Шағын орталық

ІІ қабат:

№24 - физика кабинеті

№25 – орыс тілі мен әдебиеті кабинеті

№26 - математика кабинеті

№27 – информатика кабинеті

№28 –технология кабинеті

№29 –өзің-өзітану кабинеті

№30 – мектепке дейінгі тәрбие кабинеті

№31- директордың оқу ісі орынбасары

директордың өңдірістік ісі орынбасары

№32 – қабылдау бөлмесі. Атқарушы директор

№33 – шетел тілі кабинеті

№34 – шетел тілі әдістемесі кабинеті

№35 – директордың тәрбие ісі орынбасары

№36 - кадр бөлімі бастығы

Әдіскер

№37 – Стратегиялық даму директоры

№45 – күндізгі оқу бөлімі менгерушісі

сырттай оқу бөлімі менгерушісі

№46 - мультимедиялық кабинет

№47 – Бухгалтерия

Заңгер

№48 – биология және химия кабинеті

Достык, 173А мекен-жайында орналасқан оқу ғимаратында:

- шеберханалар;

- тренажер залы;

- киім ілгіш;

- спорт залы;

II қабат

- №51оқу кабинеті;

- акт залы;

ҚОҢЫРАУ КЕСТЕСІ:

I ауысым:

I сабақ - 08.00-09.30

II сабақ - 09.35-11.05

III сабақ - 11.20-12.50

IV сабақ - 12.55-14.25

II ауысым:

V сабақ - 14.30-16.00

VI сабақ - 16.15-17.45

VII сабақ - 17.50-19.20

2017-2018 ОҚУ ЖЫЛЫНДА КҮНДІЗГІ ОҚУ БӨЛІМІНДЕ ОҚИТЫН СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН АКАДЕМИЯЛЫҚ КҮНТІЗБЕ:

31.08.2017 - студенттерді қабылдау;

02.09.2017 – Білім күні;

01.09-06.01- I семестр:

24.10-31.10 – ағымдағы аттестация;

26.12-06.01 – қысқы сессия.

Оқу апталары (барлығы): теориялық – 17-19 апта (мамандыққа байланысты)

Қысқы емтихан сессиясы-2 апта,

Қысқы демалыс – 2 апта

16.01-17.06 – ІІ семестр:

27.03- 01.04 – ағымдағы аттестация;

12.06- 24.06 – дипломдық жұмыстарды қорғау;

19.06- 30.06 – жазғы сессия – І-ІІІ курс студенттері үшін;

12.06 - 24.06 – қорытынды аттестация.

Оқу апталары(барлығы): теорялық – 20-22 апта,

Жазғы емтихан сессиясы -2 апта,

Жазғы демалыс – 9 апта.

2017-2018 ОҚУ ЖЫЛЫНДА СЫРТТАЙ ОҚУ БӨЛІМІНДЕ ОҚИТЫН СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН АКАДЕМИЯЛЫҚ КҮНТІЗБЕ:

30.09.2017 – студенттерді қабылдау.

10.10 – 20.10 - III курс студенттеріне қабылдау сессиясы (оқудың бірінші жылы).

03.01-10.02 - III – IV курстарға қысқы сессия.

12.06 – 24.06 – бітіруші топтарға арналған жазғы қорытынды сессия.

12.06 - 24.06 – дипломдық жұмыстарды қорғау.

2017 ЖЫЛДЫҢ 1-ҚЫРКҮЙЕГІНЕ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫНЫҢ ӘКІМШІЛІГІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Аты-жөні

Лауазым

Кабинет №

телефон

1.

Утарбаева Ляззат Жетебаевна

Атқарушы директор, экономика ғылымдарының кандидаты

32

51-30-96

2.

Жолдасова Гульшат Тлектесовна

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, педагогика және психология магистрі

31

51-30-96

3.

Жонкарбаева Жанат Жумагереевна

Директордың оқу өндірістік ісі жөніндегі орынбасары

36

50-44-49

 4

Косбаева Кунзия Кабидуллаевна

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

35

50-44-49

 5

Төлеутаева Арай Ғарифоллақызы

Күндізгі оқу бөлімінің меңгерушісі

45

51-30-96

 6

Кабдушева Мейрамгуль Сериковна

Сырттай оқу бөлімінің меңгерушісі

45

51-30-96

 7

Сагидуллина Асима Муратовна

Директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары, педагогика ғылымдарының магистрі

31

51-30-96

 8

Серикбаева Бакытнур Улыкпановна

Бас есепші

47

51-24-71

9.

Курманалина Жаннат Хайруллаевна

Кадрлар бөлімі бастығы

36

50-44-49

10.

Косдаулетов Серик Галымжанович

АӘД жетекшісі

2

51-30-96

ҚҰРМЕТТІ СТУДЕНТ!

Колледж студенттері ішкі тәртіп ережесін білуге және орындауға міндетті.

Оқу үрдісін ұйымдастыру:

1. Күндізгі бөлім студенттеріне оқу жылы 1 қыркүйектен басталады, 2 семестрден және оқу-кәсіптік бағдарламасының оқу жоспарына сәйкес аяқталады.Семестрлердің басталуы мен аяқталуы, емтихандар, өндірістік (кәсіптік) практикалар оқу жылы басында колледж атқарушы директорымен бекітілген оқу үрдісі кестесіне сай жүргізіледі.

2. Колледжде оқу үрдісі оқу жоспары мен сабақ кестесіне сәйкес аптаның 6 күнінде (дүйсенбі мен сенбі аралағында) жүзеге асады. Жексенбі мен мейрам күндеріндегі оқу Қазақстан Республикасы заңнамаларына сай жіберіледі.

3. Сабақ кестесі директордың оқу ісі және директордың оқу-өндірістік жұмысы орынбасарларымен бекітіліп, тиісті орынға ілінеді.

4. Оқу сабақтары оқу бағдарламалары мен жұмыс оқу жоспарларына сәйкес жасалған колледждің атқарушы директорымен бекітілген сабақ кестесімен жүзеге асады.

5. Сабақ кестесі семестрға құрылып, оқу жылы басталардан 3 күн бұрын ілінеді. Қыркүйек айының ортасына дейін сабақ кестесіне өзгерістер енуі мүмкін.

6. Колледжде сабақ екі ауысымда жүргізіледі.

7. Академиялық сағат ұзақтығы 45 минут. Пән бойынша сабақ үзіліссіз екі академиялық (пара) сағатқа созылады. Сабақ арасындағы үзіліс 5 минут, екінші және бесінші парлардан кейінгі қоңырау ұзақтығы 15 минут.

Сабақ аяқталған соң қоңырау беріледі.

8. Сабақ басталғаннан кейін оның дұрыс өтілуі үшін барлық оқу бөлмелері тыныштықпен және тәртіппен қамтамасыз етілуі керек. Сабақ барысында сабақтың үзіліп, аудиториядан кіріп-шығуға тыйым салынады.

9. Сабақ басталғаннан кейін студенттердің аудиториядан шығу немесе кіруі тек оқытушының рұқсатымен орын алады.

10. Жылдың басында әр оқу тобына колледждің атқарушы директорының бұйрығымен топтың кураторы тағайындалады.

11. Әр академиялық топта студенттердің сабаққа қатысуы жөнінде есеп журналы жүргізіледі.

12. Студенттер сабақтың басталу уақытынан 10-15 минутқа ерте келуі тиіс.

13. Аудиторияда, оқу шеберханаларында және оқытушылар (лаборанттар) кабинетінде іс жүзіндегі сабақтарды жүргізу үшін, оқытушылар алдын ала керекті оқу құралдарын дайындап қоюуы керек.

14. Әр топта куратордың ұсынысымен, студенттердің ортақ пікірімен оқу жылына оқу үлгерімі жақсы және тәртіпті студент топ басшысы болып сайланады. Топ басшысы куратордың басшылығымен жүреді.

15. Студенттер емтихандық сессияға оқу жылының талаптарын толық орындаған жағдайда, сынақтарды тапсыруға және ағымдағы семестрдің оқу пәндерін қорытынды аттестациялауға педагогикалық кеңес бөлімінің шешімімен жіберіледі.

16. Колледж студенттері пәндік оқу жоспарына және сабақ кестесіне сәйкес сабақтың барлық түрлеріне қатысуға міндетті.

17. Емтихандық сессияны сәтті т

апсырып, оқу бағдарламасын орындап және өндірістік тәжірибеден өткен студент, атқарушы директордың бұйрығымен келесі курсқа көшіріледі.

18. Ағымдағы бақылау үлгерімінің өткізілу тәртібі, аралық және қорытынды аттестациялау, студенттерді курстан курсқа жіберу және академиялық демалыс тиісті ережелермен реттеледі: «Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттерінің ағымдағы аралық және қорытынды аттестициясының өтілуі туралы», «Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттерінің көшірілуінің және қалпына келтірілуінің ережелері туралы», «Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттеріне академиялық демалыс берілуі туралы».

19. Колледжде болған уақытта жеке заттары үшін студенттер өздері жауапты.

20. Студент гардеробтағы номерокті жоғалтып алған жағдайда, оның бастапқы бағасын төлейді.

Колледж студенті құқылы:

- мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес білім алуға;

- өз ойын ашық айтуға, сыйластыққа, ар-намыс, ожданың қорғауға,

- колледж қызметінің маңызды мәселелерін, студенттердің қоғамдық ұйымы мен қатар колледжді басқару органдары арқылы талқылап және шешуге қатысуға;

- колледждегі кітапхана, ақпараттық қорларды, оқу, емдік және басқа да бөлімшелер қызметтерін тегін пайдалануға;

- оқытылатын пәндер бойынша оқытушылардан кеңес алуға, оқытудың сапасы мен әдістері туралы ойын жеткізуге, оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар білдіруге;

- оқу жоспарын арнайы кесте бойынша орындауға, емтихандарды экстерн жоспары бойынша тапсыруға;

- ғылыми-зерттеу жұмыстарына, ғылыми-практикалық конференцияларға, семинарларға қатысуға;

- коллледжішілік маңызды шешімдерге қатысуға;

- колледж ішіндегі мамандықтан екінші мамандыққа ауысуға немесе бір бөлімнен екінші бөлімге ауысуыға;

- колледж жұмыс оқу жоспарында қарастырылған факультативты курстарды таңдауға;

- колледждегі студенттік өзін-өзі басқару кеңесіне сайлауға және сайлануға;

- оқудан бос уақытында кәсіпорында немесе басқа құқылы мекемелерде,колледжде ақылы еңбектенуге.

Студенттердің негізгі міндеттері

1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында бекітілген міндеттерді орындауға.

2. Колледж Жарғысын, студенттердің ішкі тәртібінің ережелерін, колледж студенттеріне арналған қағидаларды сақтауға, әкімшілік шешімдерін орындауға.

3. Таңдаған мамандықтары бойынша жұмыс оқу жоспарында берілген пәндерден теориялық, практикалық білім алуға.

4. Тапсырмалардың барлық түрлерін белгіленген уақытта орындауға, мәдени және кәсіби деңгейлерін көтеруге; бекітілген сабақ кестесіне сәйкес оқу жоспарын орындауға.

5. Бекітілген сабақ жоспары бойынша оқу және практикалық сабақтарға қатысу. Кірер кезде студенттер вахтерге немесе кезекшіге студенттік билетін көрсетуге.

6. Сабаққа кешіккен студентке сабаққа қатысу кезекші әкімшіліктің рұқсатымен орындалады.

7. Еңбекқорлыққа тәрбиеленуге, колледждің қоғамдық жұмыстарына белсенді қатысуға.

8. Студенттер тәртіпті, ұқыпты болуы керек, өздерін Колледж қабырғасында, далада, қоғамдық орындарда қадір қасиетін жоғалтпайтындай етіп ұстауға.

9. Өзге де білім алушылар мен педагог қызметкерлердің ар намысы мен қадір қасиетін құрметтеуге, басқалардың көзқарастарын сыйлауға.

10. Колледждің оқу-материалдық базасын нығайтуға.

Колледж мүлкіне нұқсан келтірген жағдайда студент оқудан шығарылуға дейін қаралады, ата-анасын келтірген зиянның орнын толтыруы қажет.

11. Оқу және практикалық жұмыстар кезінде студент тиісті:

- ұялы телефонын сөндіруге,

- Сабақ басталғаннан кейін аудиториялардан студенттердің шығып, кірулері оқытушының рұқсатымен ғана жасалады;

- оқытушыны не жолдастарының жауаптарын ұқыпты тындауға;

- сөйлеспеуге немесе басқа әрекет жасауға;

- оқытушының барлық тапсырмаларын орындауға,

- жауап берген соң, оқытушының рұқсатымен отыруға;

- кабинетке оқытушы кіргенде студенттер тұрып қарсы алады.

12. Колледж мүлігін сақтауға, жабдықтар мен техникаларды нәтижелі пайдалануға, internet желісіндегі жұмыстарға арналған ресурстарды тек оқу және ғылыми-әдістемелік мақсаттарда пайдалануға, студенттер пайдаланымына берілген бұйымдарды күтіп ұстауға, энергия, су мен басқа да ресурстарды үнемдеп шығындауға;оқытушының рұқсатысыз құралды кабинеттен алып кетуге.

13.Белгілі себептермен сабаққа келмеген жағдайда, студент оқытушыны ескерту керек, оқуға жарамсыздығы туралы емдік мекемеден анықтама тапсыруы тиіс. Еш құжатсыз сабақтан қалу себепсіз болып есептеледі. Кей жағдайларда студент ата-анасы өтініші бойынша, бөлім менгерушілері мен кураторының рұқсатымен жіберіледі.

Оқу тәртібін күшейту, себепсіз сабақ жіберген студенттердің үлгерімін және ата-аналардың жауапкершілігін арттыру мақсатында, қалдырған сабақтарын тапсырудан басқа, 1 академиялық сағат үшін (45 минут) 100 теңге көлемінде айыппұл, сәйкесінше 1 сабақ үшін (90 минут) 200 100 теңге көлемінде айыппұл салынады.

14.Себептермен орындалмаған үй тапсырмасы туралы студент оқытушыны алдын ала ескертеді.

15.Сабақта болмаған студенттер міндетті:

- үй тапсырмасын өз бетінше орындауға;

- қалдырған сабақтарын қайта тапсыру үшін оқытушылардан тапсырмаларды алуға;

- қалдырған сабақтарын оқытушымен бірге өтеу, сәйкесінше бағалануға.

16.Сабақтан соң, студент кабинетті босатуға.

17. Оқу ақысының 50% студент І курсқа қабылдансымен,1 қыркүйекке дейін, ал қалғанын 1 желтоқсанға дейін төлеп аяқтауға міндетті.

18.Уақытылы оқу ақысын төлемеген студенттер қысқы сессияға жіберілмейді.

Студент академиялық адалдықты сақтап, төмендегідей әрекеттерге жол бермейді:

а) академиялық жұмысты орындау кезінде, аралық және қорытынды аттестациялау барысында өзіне немесе басқа біреуге көмек көрсету мақсатымен ақпаратты заңсыз түрде алуға, көшіруге, алдын ала дайындаған қағаздарды қолдануға;

б) плагиат, немесе өзге біреудің ойлары немесе жұмыс қорытындысын өзінікі деп көрсетуге, ұрлауға;

в) құжаттар мен мәліметтерді қолдан жасауға, жалған сөйлеу, көшіру, сақтаулы тұрған ақпаратты (сонымен қатар компьютердегі) өзгерту немесе басқа да заңсыз қолдану түрлеріне жол беруге.

Колледжде рұқсат берілмейді:

- колледжде сыртқы киіммен, бас киіммен жүруге;

- орамал (хиджаб), діни бағыттағы киімдер киюге, сақал мен мұрт қоюға;

- сабақ уақытында дәлізде қатты сөйлеу, күлу, музыка қосуға;

- дауысы қатты шығатын техникаларды қосуға, құмарлық ойындар ойнауға, музыкалық аспаптарда ойнауға;

- ашық түсті косметика қолдануға, шамадан тыс әшекей бұйымдар тағуға, ұзын және ашық түсті маникюр қолдануға, дененің ашық жерлерін (мойын, қол) әшекейлеуге (татуировка), пирсинг қоюға;

- сабақ кезінде тамақтануға;

- алкоголді сусындарды ішуге, наркологиялық есірткі заттарды қолдануға , дөрекі сөздерді айтуға, колледж аумағында ішімдік ішкен немесе есірткіден мас болған күйде жүруге;

- колледж төңірегінде шылым шегуге;

- нәсілдік, ұлттық, діни араздықты және алауыздықты, кемсіту, ұлттық ар-намысы мен қадір-қасиетін төмендету бағытындағы іс-әрекеттерге жол бермеуге;

- сабақ үстінде ұялы телефонды қосуға;

- жарақаттау мен өзге адамдардың өміріне нұқсан келтіретін кез-келген әрекеттерді орындауға;

- колледж аумағына жарылыс және өрт қаупі бар заттарды әкелуге;

- дене тәрбиесі сабағына спорттық киім мен аяқ киімсіз келуге;

- колледжге дене тәрбиесі сабағы мен спорттық шаралардан басқа уақыттарды шолақ шалбар, ішкөйлек, резеңке-шәркей, спорттық киіммен келуге.

Колледж студенттері оқудан шығарылады:

- оқу бағдарламасы орындалмағаны үшін;

- ұзақ уақыт оқу үрдісін жібергені үшін; (семестр б\ша 4 аптадан артық);

- академиялық үлгермеушілігі үшін;

- оқу ақысын және штрафты уақытында төлемегені үшін;

- колледж Жарғысын, ішкі тәртібін бірнеше рет бұзғаны үшін;

- құқыққа қайшы әрекеттер жасағаны үшін;

- емдік немесе басқа анықтама бойынша;

- студентті оқудан шығару атқарушы директордың бұйрығымен орындалады.

- Ережелердің әрекеті Орал гуманитарлық-техникалық колледж студенттерінің барлығына таратылады.

- Ішкі тәртіп ережесі барлығы танысу үшін колледж ғимаратының көрінетін жеріне ілінеді.

Берілген ереже орындалуы ОГТК барлық студенттеріне арналады. Танысу мақсатында ішкі тәртіп ережесі колледждің көрнікті жеріне ілінеді, сонымен қатар колледж сайтына жүктеледі.

Ескерту: Колледж студенттерінің ішкі тәртіп ережесінің толық нұсқауын (оқу жоспары, оқу үрдісінің, сабақ,педпрактика кестелерін,т.б.) куратордан немесе әкімшіліктен алып танысуға болады, сонымен қатар колледж сайтынан көруге болады.

Студенттің бағыттаушы-анықтамасы 2017-2018 оқу жылы

FaLang translation system by Faboba