College news

Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру барысын орындау үшін және студенттерге түсінік беру мақсатында 70*150 см көлемінде колледж дәлізіне көрнекі үгіт құралы орналастырылды.

16.04.2018 Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде түлектерді жұмыспен қамту жайында мамандықтар жәрменкесі өтті. Жәрмеңкеге облыс аудандары мен Атырау облысының білім басқармасы қызметкерлері қатысты

Колледжде мамыр аяғының аяғына дейін жасалатын сенбілік кестесі жасақталып, топ жетекшілері таныстырылды. 14 сәуір 2018 жылы колледж оқытушылары мен студенттері ұйымдасқан түрде қалалық сенбілікке шықты.Колледждің атқарушы директоры Л.Ж.Утарбаева бастаған жоғары курстың 4б КШК, 4б КДО, 4б РШИ топтары топ жетекшілерімен Деркул шағын ауданындағы ППД-2  кентінен Орал-Саратов трассасы бойын тазаласа, 1бКШИ, аударма ісі, 1а КШФ, 1б КШК, КДО топтары колледж айналасындағы Қ.Аманжолов,  М.Жүнісов, Самарская, Х.Чурин, Рабочая көшелері мен  Арбат бойындағы арықтарды қоқыстарынан арылтты.

5 сәуір 2018 жылы Қ.Мырзалиев атындағы мәдениет және өнер шығармашылығының ұйымдастыруымен Орал гуманитарлық-техникалық колледжі құрылтайшысы, п.ғ.д. Шалқыма Хайроллақызы Құрманалинамен кездесу кеші өтті. Кешке облыстың зиялы қауымы, Ж.Досмұхамадов атындағы педагогикалық колледжі, Орал гуманитарлық-техникалық колледжі оқытушылары мен студенттері қатысты. Кездесу кешінің өтуіне Орал гуманитарлық-техникалық колледжі үлкен белсенділік танытты.

FaLang translation system by Faboba