Колледж Миссиясы: колледждің жалпыадамзаттық құндылықтар мен тұрақты дамуына бағытталған тұлғаны, орта буындағы кәсіби құзыретті, функционалды-сауатты мамандарды даярлауды қамтамасыз ететін білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

Болжам: колледж Білім беруде озат әдістер мен технологияларды шебер пайдаланатын, жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарланған, орта буынның бәсекеге қабілетті жоғары білікті мамандарын даярлайтын Қазақстанның ТжКБ жүйесін дамытудың көшбасшы практикаға бағытталған әдістемелік орталығы болып табылады.

Миссияның қысқа нұсқасы: «Біз оқуға, оқытуға және құрастыруға үйретеміз!».

Біз ОҚУҒА үйретеміз: яғни, студенттерді белсенді ойлауға үйрету, олардың бойында білім таба білу қабілетін қалыптастыру, шығармашылық мүмкіндіктерді тәрбиелеу және студентті өмір бойы оқуға үйрету. Білім тек есте сақтау арқылы ғана емес, өз ойының күшімен алынған кезде ғана берік болады.

Біз ОҚЫТУҒА үйретеміз: болашақ мектепке дейінгі оқыту мамандарын, бастауыш және негізгі орта мектеп мұғалімдерін оқыту және тәрбиелеу бойынша колледж қызметін бағдарлау.

Біз ҚҰРАСТЫРУҒА үйретеміз: бұл студенттерді технологиямен шабыттандыруды және олардың сандық және басқа да жобаларын жасауға үйретуді білдіреді, зерттеу жүргізу, конспект құрастыруға, тест, ойын, тапсырма, тезистар, рефераттар, пікір, жарнама, эссе және т.б. Бұдан басқа, колледж қызметі креативпен байланысты техникалық мамандық кадрларын даярлауды жүзеге асырады. Бұған шаштараз (шаш үлгісін, стиль, бейнесі, имидж, жасау), технология мұғалімдері (оригами, сурет, қол өнер бұйымдары, сувинирлар, т.б мәдени бұйымдар жасақтау), музыка, информатика және «есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандықтары кіреді.

 

FaLang translation system by Faboba