28 желтоқсан күні колледжде бітіруші топтардың диплом алды машыққа дайындықтарын көру,  мақсатында "Портфолио қорғау" рәсімі өтті. Бұл шараға колледждің құрылтайшысы пед.ғылымының докторы Ш.Х.Курманалина, колледждің атқарушы директоры Л.Ж.Утарбаева, директордың оқу өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Г.С.Шотова, директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары А.М.Сагидуллина, директордың оқу жұмысы жұмысы жөніндегі орынбасары Г.Т.Жолдасова, әдіскерлері мен топ жетекшісі, «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімінің 4б КДО, 4б РДО топ студенттері.

2018-2019 оқу жылының басында практика жоспары бойынша “Баланың мектептегі алғашқы күндері ” кестесі құрылып, әдіскерлер тағайындалып  практиканың өту барысы  қадағалануда. «Баланың мектептегі алғашқы күндері» машығы бойынша  4 б КШО № 46 әдіскері Ғ.С.Шотова, 4б РДО тобы № 7 әдіскері М.В.Рахметова, 4б КДО тобы № 1 әдіскері А.Б.Сарсенгалиева, 4б КДО тобы № 40 әдіскері Т.У.Маденова мектептерінен өтуде.

Әдіскер А.Б. Сарсенгалиева. 2б КШО мен 2бРШО топтарында «Бала күту» мамандығы бойынша оқу машығы өтуде. Машық барысында топтар мектеп жасына дейінгі балалардың тәрбиесіндегі Стандарт, бағдарламалар мазмұнымен танысты. Сондай-ақ балабақшадағы балалармен өткізілетін жұмыс түрлері туралы ақпарат алып, практикалық жүзінде ертегі, мақал-мәтелдер, жұмбақ, өтірік өлеңдердің жинақтарын жасап портфолиоларын толтырды. Оқу машығы барысында студенттер практика жүзінде сергіту сәттерін, қимылды және дидактикалық ойындарды ұйымдастыра білді.

29 желтоқсан күні бітіруші топтар арасында  «Машық портфолиосын қорғау» шарасы өтті. Шарасына колледж әкімшілігі және колледждің басты құралтайшысы Ш.Х.Курманалина қатысты. 

Биылғы оқу жылында  18 топ ( 362 студент)   № 1,5,6,7,19,40,46, ЖОББ   облыстық, қалалық мектептерде және № 37 «Жұлдыз-ай», №19 «Золотой петушок» мектепке дейінгі мекемелерде байқау практикасынан өтіп өздерінің теориялық білімдерін практикамен ұштастырды. Практика барысында жаңа педагогикалық технологиялар, компьютердің және интерактивтік тақтаның мүмкіндіктері кеңінен пайданылып сабақтар өткізілді. Машықкерлер алдын-ала пән мұғалімдерінің, бір-бірінің  сабақтарына қатынасып, талдап, өздері сабақ берген уақытта жауапкершілікпен жұмыстанды. Сабақтарын бір күн бұрын бекітіп отырды. Қолданған көрнекілік құралдары, топшамалары талапқа сай жасалды. Машықкерлер  сабақ беру үрдісінде барлық элементтерді қамти алды, оқушылардың танымдық  қабілеттерін дамыту бағытында ауызша жаттығулармен қатар ойын элементтері қолданылды. 

FaLang translation system by Faboba