Колледж жаңалықтары

«Жас Отан» Жастар қанаты белсенді жастарының ұйымдастыруымен кезектен тыс ҚР Президенті сайлауын қолдау мақсатында «Мен 18-демін, мен дауыс беремін!» атты флешмоб өткізілді. Бұл флешмобқа 300-ден астам қала тұрғындары қатысты. Н.Островский атындағы драма театр алдында қойылған арнайы баннерға қала тұрғындары селфи жасап, сайлауға қатысты өз ойларын жазып, қолтаңбаларын қалдырды. Алаңға жиналған қала тұрғындарына «Мастер Дэнс» жастар қоғамдық бірлестігінің бишілері келіп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Белсенді жастар қала тұрғындарын сайлауға қатысуға шақырып,олармен естелік суретке түсті. Бұл фотосуреттер Вконтакте, Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде #ЖасСайлау 2015 хэш тегімен жарияланды.  

 

5 наурыз күні Орал гуманитарлық- техникалық колледжінің 2б КДО тобының студенттерінің аналарына арнап, «Сыйынар ем, ана деген тәңірге» атты шара оздырылды. Шара мақсаты: алдымен ананы құрметтеу – барша адам баласы өнеге еткен қасиет екендігін ұғындырып, қай ұлт, қай халықтың ой қазынасын ақтарсаң да, алдыңнан шығатын сөз – әр адамның өз анасын қадірлеу керектігі жөнінде айтылып, 8 – наурыз халықаралық әйелдер күнімен аналардың, ұстаздардың, қыздардың мейрамымен құттықтап, анаға деген махаббатты, жылылықты, мейірімділікті дәріптеу болып табылды.

 Шараның барысында ең алдымен аналармен  «Шеңбермен тілек» тренингін жүргізуден бастады.Аналар мерекеге орай бір -біріне тілек айтып,  өзара қарым -қатынас қалыптастырды. Шараға директордың тәрбие ісінің меңгерушісі М.С. Нурмукашева және пән оқытушылары қатысты.Студенттер аналарға өз өнерлерін көрсетті. Топ студенті Қайреденова Лунара  «Анаға арнау»  атты өз шағармашылығынан өлең оқып, Досқалиева Шынар топ студенттерінің жетістіктерін, тәрбиелік шараға қатысуларын слайд арқылы түсіндіріп өтті. Шара барысында мақал - мәтелдердің жалғасын тауып,  алақан парағы таратылып,  өз отбасыларын  сипаттап жазып көрсетті. Студенттер аналармен,  ұстаздар арасында ойындар  жүргізді. Мейрамға орай студенттер аналармен ұстаздарға арнап ықылас гүлін ізгі тілегімен табыс етіп, «Анаға сәлем» әнімен аяқталды.

Бұл шара арқылы студенттер ұйымдастырушылық қабілеттерімен қатар өздеріне аналардан олардың сөздерінен үлгі өнеге ала білді.

 

Жуырда І курс студенттері арасында 1 - наурыз Қорғаныс күніне арналған «Ал, кәнеки, жігіттер» байқауы ұйымдастырылды. Байқау мақсаты - студенттердің төтенше жағдайда өз әрекеттерін білу, жан-жағына көмектесу. АӘД сабақтарында алған білімдерін қолдана алу. Байқауға №25, 27 қалалық ББОМ АӘД оқытушылары Мухтаров Булат Закиржанович, Оразов Кайыржан Шынтемирович, директордың тәрбие ісі орынбасары Нурмукашева М.С., медбике Жаманова Ж.К, оқытушылар, студенттер қатысты.

 

 

 

Ақпан айында 2аКДО студенттерімен  БҚ медициналық  колледжінің  № 25-мейірбике  топ студенттері араcында «ЖРВИ дың алдын алу шаралары» тақырыбында ымдық кеш ұйымдастырылды. Мақсаты: ЖРВИ  жұқпалы ауруының алдын-алу,және ЖРВИ ауруының  қауіпті екені туралы түсіндіру.

Ұйымдастырушылар ЖРВИ ауруының  белгілері туралы,және қалай сақтануға  болатыны туралы көптеген ақпарат берді.Сонымен қатар  студенттерге ЖРВИ ауруына қатысты сауалнама өткізді. Қойылған көптеген сұрақтарға жауап берді. Біз ЖРВИ ауруының алдын-алу туралы көптеген ақпарат  алдық.

 

(Ақын Дариға Мұштановамен кездесу)

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушысы Г.Н. Тасқалиева және 3б КШК тобының студенттері 19 ақпан күні «Жас Отан» Жастар қанатының «Кел, жастар, оқылық!» жобасы аясында бірнеше облыстық, республикалық жыр додаларының жеңімпазы, «Адам жаны бір жұмбақ», «Өмір-арна», «Қос қанат» атты кітаптардың авторы, ақын Дариға Ғазезқызымен кездесуге барды. Кездесуді топ студенті Амиров Ислам жүргізді. Кеш барысында ақын апамыз тәрбиесі мол әңгімелерімен қатар, жастардың көкейкесті сұрақтарына ұтымды жауап берді.  Студенттердің құрастырған тапсырмаларын орындаумен қатар, қазіргі айтыстың қарқынын, оның ішінде облысымыздағы ақындарды рухани қолдау керектігін де атап өтті. Кеш соңын: «Әдемі әдеби орта, Айтпаймын өлеңді жорта. Осындай ықыласты кештер, Жиі-жиі болса..» деп шын ниетімен түйіндеді. Топ студенттері Набиғалиев Мұратхан мен Ізмұханова Гүлназға  ұнамды сұрақтары үшін кітап табыс етілді. 

 

(«Жүрек қылын шертеді...» атты ақын Амангелді Шахиннің жыр кешінен)

2015 жылдың 12 ақпан күні  сағат 17:00-де «Қазақ драма театрында»  ақын, сатирик, публицист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Аманкелді Шахиннің  «Жүрек қылын шертеді...» атты жыр кеші өтті. Жыр кешін тамашалауға Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының оқытушылары Л.А. Нагимова, Г.Н. Тасқалиева 1б КШК, 2б КШК, 3б КШК тобының студенттерін апарды.  Ақынның шығармашылығы бойынша жастық шақ, махаббат, туған жер тақырыбында «Қызғалдақ», «Гүл», «Махаббат оты», «Ақ жаңбыр», «Ақ пен қара», «Дүбілісті дүние» секілді өлеңдері оқылды. «Орал», «Ақжайық», «Іздедім қалқам», «Атырау-Жайық» әндері көпшілік көңілінен шығып, ерекше тебіреніс сыйлады. «Сол бір сүргін» шығармасының желісі бойынша театрландырылған көрініс қазақ халқын қорғау үшін өз өмірлерін қиған ерлерді бір сәт еске алды. 

 

(Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың поэзия кеші)

12.02 күні 2б КШК тобының ұйымдастыруымен Ақиық ақын   Мұқағали Мақатаевтың «Жырлайды жүрек» атты поэзия  кешіне қатысты. Кешті 2б КШК топ студенті   Каки Орынбасар ақынның  «Бүгін менің туған күнім...» атты өлеңімен ашты, Мұқағалидің адамзат ғұмыры мен әлем сырын жыр еткен лирикасы қазақ әдебиетінде қомақты мұра болып енді. Шараға 1б КШК,2б СП,2б КИНФ тобының студенттері қатысып, 1б КШК тобының студенті Әлібекова Дана ақынның  «Шеше, сен бақыттысың...» атты өлеңін оқыды, сонымен қатар Мұқағалидің көптеген өлеңдері оқылып, әндері орындалды.

21 қараша күні облыстық М.Мәметова атындағы мұражай-үйіне   Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің оқытушысы Тасқалиева Г.Н. 3б КШК, 2б КШО, 2кб КДО тобының студенттерімен «Он сегізде от кешкен»  соғыс ардагері, аталмыш мұражайдың ашылуына еңбегін сіңірген, ұстаздық жолда көп еңбек еткен Оқас Әлмұханұлы Әлмұхановтың 90 жылдығына арналған шара өтті. Шара қонақтары: Ұлы Отан соғысының ардагері Жұмағалиев Бисен Жұмағалиұлы, тыл ардагері Батыров Мақсот Қажғалиұлы, ҚР Қарулы Күштерінің ардагері Николай Алексеевич Дегтярев, мәдениет ардагері, өлкетанушы –Жайсаң Ақбай, еңбек ардагері Р.Л. Кужекова, еңбек және мәдениет ардагері С.Н. Анищенко, еңбек ардагері,  Ұ.И. Ершуриева атындағы «Әжелер сәлемі» халықтық ансамблінің жетекшісі Ә.Ж. Дәуленова, профессор, оқытушы, Окас Әлмұханұлының ұлы Болат Әлмұханов, қызы Әлмұханова Қатима Әлмұханқызы қатысты. Шара алдымен Оқас Әлмұханұлының еліне сіңірген еңбегінің дәлелі ретінде жасақталған көрмені ашудан бастады. Кейін арнайы шара келген ардагер ағаларымыз Оқас Әлмұханұлы туралы естеліктерін айтып, жастарға ғибратты әңгіме айтты, болашақтарына сенім артты. Үнемі біздің колледжімізбен шығармашылық байланыста болғандықтан, 3б КШК тобының студенттері Сырымов Меңдібек, Қауанов Нұршат, Қайырғалиева Айбота «Туған жер», «Отаным» өлеңдерін мәнерлеп оқу, «Қазақстан-Орал» телеарна тілшілеріне шара туралы сұхбат берді. Шара өз мақсатына жетті, студенттер өздеріне керекті мол ақпарат, тәлім-тәрбие алды.

Мәншүк Мәметова атындағы  мұражай-үйінде  2014 жылдың 11 қараша күні Астана қаласындағы «Алжир» мұражай үйінен келген қонақтармен бірлесіп ұйымдастырылған «Әділетсіздік құрбандары» атты шара өтті.  Шараға Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің оқытушысы Зайнуллина А.Т, Тасқалиева Г.Н. Тасқалиева және 3б КШК тобының студенттері қатысты. Шараның басты мақсаты – репрессия құрбандарын еске алу, музейдің тарихымен кейінгі ұрпақты таныстыру. Кешке сонымен қатар облысымыздың ардагер ағалары Қалам Сүйіншәлиев , облыс бойынша ардагерлер ұйымынан қонақтар, мәдениет басқармасы департаментінің бастығы Дәулет Құсайынов, Корей диоспорасының басшысы Ким Анатолий Петрович қатысты. Шараның шымылдығын мұражай қызметкерлері М. Мәметованың әкесі Ахмет Мәметов туралы айтудан бастады. «Алжир» мұражайынан келген Карипбаев Жанбота Тасболатұлы мен Саханова Бақтыгүл Жұмабайқызы сөз алып, мұражайдың атқарып жатқан жұмыстарынан хабар берді. «Алжир – лютый криг» деректі фильмі және презентациясының әсері әр отырған көрерменнің жүрегін дір еткізбей қоймады. 3б КШК тобының студенттері Қауанов Нұршат «Қуғын-сүргін құрбандары кесенесінде», Сырымов Меңдібек  «Қазақстан-отаным»  өлеңдерін көрермендерге мәнерлеп оқып жеткізсе, жас дарын Тельман Наурыздың «Тамырымыз тереңде ғой, тереңде» атты  арнау өлеңі көпшілік көңілінен шықты.  Еліміздің ертеңгі тірегі жастарымызға ардагер аталарымыз өз  тілектерін айтып, өнегелі өрнекке толы әңгіме өрбітті. 

Ер есімі ел есінде. Кір жуып, кіндік кескен жері үшін, аялап, әлпештеп өсірген елі үшін, жанған отқа түсіп, жалын кешкен, ер-азаматтар естен шықпайды. Олар тарихта өшпес із қалдырды. Жас ұрпақ мәңгі есте сақтайды. 

22 қыркүйек айында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Г.Н. Тасқалиева облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Алаш жырының Ақ шағаласы» атты кәсіптік және орта арнайы білім беретін ұйымдарындағы қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері арасында атты байқауда жүлделі І орынды иемденді. Бағалы сыйлықтар, планшет сыйлады.  Байқауға әділқазы мүшелерінің төрағасы болып М. Өтемісов атындағы БҚМУ-ң педагогика, психология факультетінің деканы А.С. Қыдыршаев төрелік етті. Әділқазы мүшелері: «Жайық ұстазы» газетінің редакторы А. Таубаева, облыстық Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптарының көркемдік жетекшісі- Е. Нұрымбетов, ономастикалық жұмыс және көрнекті ақпаратты бақылау бөлімінің бас маманы - Г.Ж. Әлжанова, «Орал өңірі» газетінің тілшісі А.М. Жұмаева,  облыстық білім бөлімінен М.М. Сапарғалиев, облыстық ішкі істер басқармасының ұйымдастыру бөлімінің бас маманы- Г.М. Аргенова.  Байқау ІІ кезеңнен құралды. І кезең  бойынша алдын-ала эссе жазылып, іріктеуге өткен болатын. Байқаудың ІІ кезеңі Орал газ, мұнай және салалық технологиялары колледжінде  өтті. Жалпы 10 үміткер қатысты. ІІ кезеңнің 1 туры ұяшық таңдап жасырынған өлеңді мәнерлеп, жатқа оқу. Таңдау бойынша ақынның  «Оралдым, саған Оралым» өлеңі түсті.2 тур бойынша ақын сөзіне жазылған әнді орындау, бұл тапсырма бойынша И. Жақановтың әніне жазылған «Оралдың ерке самалы» әнін орындады.  

       

FaLang translation system by Faboba