7 қазан күні Орал қаласындағы Қ.Мыза-Әлі атындағы жаңа алаңда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Дәстүр» атты қазақтың мәдени-ағарту, көпшілік шаралары өтті.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласына орай, халқымыздың сан ғасырлық салт-дәстүрлерін насихаттау, ұлттық құндылықтарды орнықтыру, жас ұрпақты отаншылдық рухта тәрбиелеу мақсатында Орал гуманитарлық-техникалық  колледжі «Салт-дәстүрім-таусылмайтын қазынам» атты көрініс қойды. Қазақ халқының сүйінші, базарлық ғұрыптары мен жас балаларға қойылатын айдар, кекіл, тұмар шаш үлгілерінің тәрбиелік маңызын жеткізді.  Сонымен бірге колледж студенттердің қолымен жасалған қазақтың қолөнер бұйымдарынан көрме ұйымдастырылды. Мұндай игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Шара барысында колледждің атқарушы директоры Л.Ж.Утарбаева мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары К.К.Косбаева республикалық  «Хабар» және өңірлік «ТДК42» арналарына сұхбат берді.

 

 

FaLang translation system by Faboba