College news

9 қыркүйек 2017 жылы сағат 10.00-да Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде «Денсаулық фестивалі» акциясы аясында «Біздің денсаулығымыз-өз қолымызда!» ұранымен флешмоб оздырылды.

Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті. «Еліміздің болашағы-білімді жастарда!»,- деп Елбасы атап өткендей, бүгінгі алғашқы білім сабағы «Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «БОЛАШАҚҚА КӨЗҚАРАС: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» атты мақаласын талқылауға арналды.

20 маусым 2017 жылы Орал гуманитарлық-техникалық колледжі түлектерінің бітіру кеші өтті. Он мамандық бойынша 138 түлек жас маман атанып, техникалық және кәсіптік білім туралы дипломға ие болды. Кешті колледж құрылтайшысы, п.ғ.д. Ш.Х.Құрманалина ашып, 17 түлекке  үздік дипломдарды табыс етті.

31 мамыр - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне қалалық Ю.Гагарин атындағы балалар кинотеатрымен бірлесіп студенттерді тарихтан тағлым алуға, өткенге тағзым етуге тәрбиелеп, бойларында ұлтжандылық қасиетті дамыту мақсатында «Ақиқатқа айналған ата-баба арманы» атты тарихи-тағылымдық кеш оздырылды.

FaLang translation system by Faboba