Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде 1 желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС-пен күресу күніне арналған "Жаһандық ынтымақтастық, ортақ жауапкершілік" тақырыбында онлайн формада шаралар ұйымдастырылды. 1-4 курс студенттері арасында колледждің медицина қызметкері Н.Б.Қаусова ZOOM платформасы арқылы кездесіп ЖИТС- дерті туралы толық мәлімет берді. Шараға 68 студент, 5 оқытушы қатысты. Студенттер кездесу барысында өздеріне түсініксіз сауалдарына жауап алды. Сонымен қатар студенттерге 1988 жылы Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күн жаһандық денсаулық сақтау тақырыбы бойынша алғашқы халықаралық күні болып белгіленгені, әлемнің барлық өңірлерінде ақпараттық іс-шаралар өткізілетіні турылы ақпарат берілді. Көптеген адамдар қызыл лентаны тағуы — АИТВ-мен өмір сүретін адамдармен хабардар болудың, оларды қолдаудың және ынтымақтастықтың халықаралық белгісі екендігі жөнінде түсіндірілді.

Аталған тақырыпқа байланысты видеороликтермен түсіндірме буклеттері колледждің ресмисайтында, инстаграмм,парақшасында жарияланды. https://www.instagram.com/p/CHre0Y9Fa46/?igshid=jblqdfagw2lt Осы орайда ZOOM платформасы арқылы 4бКШО және 4бКШМ тобында «Сақтансаң сақтайды» атты тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: темекі, арақ, есірткі, СПИД-тің қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру, сана-сезімдерін дамыта түсу; СПИД ауруының адам өмірі ұшін қатерлі, жұқпалы екенін және одан сақтану жолдарын түсіндіру. Алдымен спид, оның пайда болуы мен таралу жолы, алдын алу жайында ақпараттар беріліп, «Облыстық СПИД-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының» мәліметі мен таныстырылды Студенттер белсене қатысып ойларын ашық айтып, өздерінің білімдерін кеңейтті.

2 курс топ жетекшісі «Салауатты өмір салты» тақырыбында тәрбие сағатын ZOОM платформасында өткізді. Шара барысында студенттерге ЖИТС ауруының адам өмірі ұшін қатерлі, жұқпалы екенін және одан сақтану жолдарын түсіндірді.

Топ жетекшісі жыл сайын осы аурудың салдарынан жапа шеккендер туралы статистикалық мәліметтерге сүйеніп ақпарат берді. Студенттер салауатты өмір салтын қалыптастырудағы жаттығулармен бөлісіп, топ жетекшісі А.Қ.Виктор түрлі жұқпалы аурулардан сақтануға бірнеше кеңестер берді.4б РШИ, 4бРШФ тобында да "Жаһандық ынтымақтастық, ортақ жауапкершілік" тақырыбында ZOOM платформасында тәрбиелік шара өтті, шара барысында топ жетекшісі студенттерге тақырып бойынша толық мәлімен берді. Студенттер шара барысында алдын ала дайындаған СПИД-ке жол жоқ, өзіңді сақта тақырыбында постерларын таныстырып қорғады.1а РДО тобының студенттерімен «ХХІ ғасырдың індеті туралы не білуіміз керек» тақырыбында шара өтті. Тәрбие сағатының мақсаты: ЖИТС-тің қазіргі таңдағы адамзаттың қаупі дерті екенін 1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС - ке қарсы күн екенін дәріптеу, «Салауатты өмір салтын » насихаттау, келеңсіз жағдайлардың алдын алу, АИТВ жұқпасы мен ЖИТС ауруына толық ақпарат алу, сонымен қатар қызыл лентаның тарихымен таныстырып, АИТВ жұқпалы ауруымен ауратын адамдарға деген қарым-қатынастарын айқындау. Тәрбие сағаты барысында студенттерге «Профилактика СПИДа» атты ютуб желісінен шағын видео-материал көрсетіліп, сұрақ-жауап алмасты. Студенттер мектеп қабырғасынан алған және жинаған білімдерімен бөлісіп, тың ақпарат көздерінен оқыған ойларын талқыға салды. Сонымен қатар, студенттерге арналған презентация арқылы ЖИТС пен АИТВ туралы не білуіміз керек екенін, зиянды әрекеттерден сақ болу керектігін, және де бұл жұқпалы аурудың таралу жолдарын тағыда ескертілді. Осы дүниежүзілік індетке қарсы ұйымдар мен атақты адамдардың қайырымдылық іс-әрекеттері туралы айтылды. ЖИТС ауруына қайтыс болған адамдарды еске алу күнінде барлық халық «Қызыл лентаны» кеуделеріне тағып жүретіні, сонымен қатар «Қызыл лента» ЖИТС ауруына шалдыққан адамдарға күш-қуат тілеп, ауруға қарсы күресте шыдамды болуға шақыратыны туралы айтылды.Деңсаулық дегеніміз-тек сырткы дененің бүтіндігі ғана емес, жалпы ағзаның жан-жақты дамуы мен бүкіл дене қызметтерінің жүзеге дұрыс асырылуы. Өз денсаулығына адам жүрдім бардым қарамау керек.Студенттерді өзіміз өмір сүріп отырған ортада өмірімізге қауіпті қарым-қатынастан сақтанып , зиянды улы нәрсеге әуес, құмар болмай, сақтанып жүруге шақырып шара аяқталды.

Аталған тақырып бойынша колледжде апта бойы шара өтті. Ресми сайтта жарияланған материалдармен, топта үйымдастырылған шарға жалпы саны 241 студент қатысып таныс болды.

Колледж атауы

Өткізген күні

Қатысқан топ, саны

БАҚ, әлеуметтік желілерге сілтеме

Орал гуманитарлық–техникалық колледжі

16.11.20

16.11.20

18.11.20

18.11.20

18.11.20

19.11.20

19.11.20

19.11.20

20.11.20

1 курс ZOOM-68

2аКШФ-24

1аРДО-22

4бКШФ-14

4аКШФ-20

4бРШИ,4бРШФ-13

2аРШФ 22

4бКШО-11

1аКШР-25

2аКШК-22

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.,

Инстаграмм: ugtk_108

Барлығы

 

241 студент

 

Есеп беруші: ДТІЖО А.Ж.Отарбай

FaLang translation system by Faboba