Орал гумнитарлық-техникалық колледжінде «Елбасымыз бастаған Нұрлы жол» тақырыбында 10 күндік өтуде. Аталған шараға колледждің 1-4 курс студенттері түгел қатысып, шара алдын ала құрылған жоспар бойынша жүргізілуде.  11-ші қарашадан бастап  «Тәуелсіздіктің 7 қыры» деректі фильмін қарау үшін сілтемелер жіберілді. Әр топ топ жетекшілерімен бірге «Жаңғыру жолы», «Линии жизни», «Болашаққа бастар жол», «Один народ, одна судьба», «Бір ел, бір тағдыр», «Мудрое решение», «Парасатты шешім», «Час испытания» ,«Сын сағат», «Ұйымдасқан Ұтады», «Путь к процветанию»,  «Елдіктің бастауы»   деректі фильмдерді қарап, талқылап сынып сағаттарын ұйымдастырды. 

28 қараша күні колледж 3-4 курс студенттері арасында "Қазақстанның ядролық қарусыз державаға айналуындағы Тұңғыш Президент-Елбасының рөлі"  тақырыбында конференциясы өтті. Конференцияда ДТІЖО А.Ж.Отарбай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тек қазақ елінің емес, бүкіл дүниежүзі қауіпсіздік мәселесіне сіңірген еңбегі туралы айтып,  ұлт көшбасшысының тарихта тұңғыш болып атом сынақ полигонын жабуы жөнінде баяндады. 40 жыл бойы қазақ даласын қасіретке ораған Семей полигоны жабылғалғаннан бері  Қазақстан тек ядролық қарусыз әлем құру жолында бейбітсүйгіш ел ретінде  қалыптасу жолдарына көз жүгіртті. Конференцияға 3а КШИ, 4аКШФ, 2аКШК, 4бКШМ, 4бРШИ, 4бКШИ студенттері топ жетекшілерімен  бірге барлығы  31 студент қатысты. 3аКШИ тобының студенті А.Садуақасова  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолына тоқталып, Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері туралы мәлімет берді. «Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік тарихтағы адамзат баласының ядролық қарусыз дамуының жаңа кезеңін бастап берген саяси дара тұлға екендігін, Елбасының бейбітшілік орнатудағы еңбегі туралы айтты. Қатысушы 4аКШФ тобының студенттері  М.Нагим, С. Сайын, А.Амангелди Невада Семей қозғалысы тақырыбында баяндама жасады, 4бКШИ тобының студенті  Н.Темірғали  Ядролық қарудың әлемдік зияны тақырыбында Елбасының батыл азаттық қадамы туралы баяндады.     Казахстан - безъядерная держава тақырыбында 4бРШИ тобының студенті К.Патапенко баяндама жасады.  "Қазақстанның ядролық қарусыз державаға айналуындағы Тұңғыш Президент-Елбасының рөлі"  тақырыбындағы конференцияда студенттердің жан-жақты зерттеу жүргізіліп тың ақпараттарды пайдаланып тақырыпты ашу мақсатында  жұмыстанғаны байқалды. Қатысушылар оқылған баяндамалды мұқият тыңдап Елбасының ерен еңбегінің арқасында бейбіт өмір сүріп жүргендерін  айтып өз ойларын білдірді.

16-20 қараша аралығында 1-4 курс студенттері арасында «Тәуелсіз Ұлттың көшбасшысы» тақырыбында патриоттық өлең оқудан челлендж оздырылды. Шараға 1-4 курс студенттері қатысып, патриоттық тақырыпта  өлеңдер оқып бір–біріне жолдады. Шараның мақсаты – студенттердің бойында Отанға, Туған жерге сүйіспеншілік, Елін мақтан тұтуға тәрбиелеу. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде «біздің тағы бір аса маңызды идеологиялық міндетіміз – Қазақстандық Отансүйгіштікке тәрбиелеу, әрбір азаматтың өзін- өзі айқын билеуін қалыптастыру. Осындай  ойды ұран етіп студент жастар өнер арқылы ұлтына деген құрметін білдірді. Барлық топтарда  Тұңғыш Президент күнін атап өтуге байланысты тәрбие сағаттары өтуде. 

26 қараша күні 4бКШО-КШМ топтарымен  «1 желтоқсан – ел тарихы үшін елеулі күн» атты тәрбие сағаты өткізілді. Бұл тәрбие сағаты студенттерге не береді десек?, мұның себебі тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалап, шекарасын шегелеп, болашаққа бағыт-бағдар берген Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халық алдындағы еңбегі ұшан-теңіз екенін ұғындыру. Тәрбие сағаты барысында президентіміздің салып өткен сара жолымен, елең еңбектерімен таныстырылып, Н.Ә.Назарбаевтың өмірбаяны мен қызмет хронологиясын презентация арқылы көрсетілді.

«Тәуелсіздіктің 7 қыры» бөлімі бойынша «Путь к процветанию», «Еліміздің бастауы» атты деректі фильмдерін қарап пікір алмасты.

27 қараша күні 4а КШФ тобында «Ел тірегі – Елбасы» атты тәрбие сағаты ZOOM платформасында өтті. Мақсаты: студенттерге  Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәліметтер беру, Елбасының ел үшін жасаған істерін үлгі-өнеге ету, өз Отанын, халқын сүйетін азамат боп өсуге, елжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Студенттер Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні және бұл күннің айрықша маңыздылығы туралы ақпараттармен таныстырылды.  

Топ студенттері А.Хамидоллинова, А.Амангелді ҚР тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  өмір, еңбек жолдары туралы қысқаша мағлұматтар беріп, презентациялар арқылы көрсетті. Сонымен қатар, ел басқарудағы салиқалы саясаты мен ерен еңбектері туралы да тарихи ақпараттар келтірілді.

Д.Хайрушева, А.Баянгужин, Р.Көшкенғали Елбасымыздың еңбектеріне шолу жасап, кітаптарына тоқталды. Тұңғыш Президент күніне арналған өлең жырлар оқылды. Н.Ә.Назарбаевтың әлемдік аренадағы алатын орны мен дипломатиялық саясаты да туралы да маңызды мәліметтер берілді.  

1аКШР тобының студенттері «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!» тықырыбында   фотоколлаж   жасақтап, Колледж сайтында және инстаграмм желілерінде жариялады. Фотоколлаж жасақтаудағы негізгі мақсаты студенттердің шығармашылық талғамын дамыту. Тақырыпты аша білу, мәліметті жинақтай білуге дағдыландыру.  1аКШР,  2аКШК, 4бКШК топтары арасында «Тәуелсіздіктің жеті қыры»   бөлімі бойынша «Один народ,одна судьба», «Бір ел, бір тағдыр» дефекті фильмін қару, талқылау арқылы  эссе жазудан сайыс ұйымдастырылды. Студенттердің жұмыстары тексеріліп 4бКШК тобының студенті  А.Дүйсенованың, 2аКШК Ұзақбаеваның, А.Молданиязованың жұмыстары жақсы деп бағаланды.                                                                                      

ДТІЖО           А.Ж.Отарбай

30.11.2020ж

 

FaLang translation system by Faboba