«Кел, жастар, оқылық!» жобасы аясында бірнеше облыстық, республикалық жыр додаларының жеңімпазы, «Адам жаны бір жұмбақ», «Өмір-арна», «Қос қанат» атты жыр кітаптарының авторы, ақын Дариға Ғазезқызымен кездесу болып өтті.

Кеш барысында Дариға Мұштанова өнегелі ой-пікірлерімен қатар, жастардың көкейкесті сұрақтарына тұшымды жауап айтып, сиясы кеппеген жыр шумақтарымен де бөлісті. Сондай-ақ, ақын Дариға Ғазезқызы жастардың тосыннан қойылған тапсырмаларын орындады. 17 жасынан айтысқа қатысқан ақын апамыз бүгінгі айтыс өнеріне деген өз көзқарасын білдірді. Мұқағали, Қадыр, Фариза, Ақұштап сынды ақындардың жолын қуып келе жатырған жас ақындарды көріп, әрдайым оларға қолдау көрсететінін жеткізді. 

Мәні мен мағынасы келіскен кездесу соңында ақын апамыз 

«Әдемі әдеби орта, 

Айтпаймын өлеңді жорта.

Осындай ықыласты кештер,

Жиі-жиі болса...» деген жыр жолдарымен қорытынды сөзін айтып, жиналған жастарға өз қолтаңбасымен кітаптар табыс етті.

FaLang translation system by Faboba