5 наурыз күні Орал гуманитарлық- техникалық колледжінің 2б КДО тобының студенттерінің аналарына арнап, «Сыйынар ем, ана деген тәңірге» атты шара оздырылды. Шара мақсаты: алдымен ананы құрметтеу – барша адам баласы өнеге еткен қасиет екендігін ұғындырып, қай ұлт, қай халықтың ой қазынасын ақтарсаң да, алдыңнан шығатын сөз – әр адамның өз анасын қадірлеу керектігі жөнінде айтылып, 8 – наурыз халықаралық әйелдер күнімен аналардың, ұстаздардың, қыздардың мейрамымен құттықтап, анаға деген махаббатты, жылылықты, мейірімділікті дәріптеу болып табылды.

 Шараның барысында ең алдымен аналармен  «Шеңбермен тілек» тренингін жүргізуден бастады.Аналар мерекеге орай бір -біріне тілек айтып,  өзара қарым -қатынас қалыптастырды. Шараға директордың тәрбие ісінің меңгерушісі М.С. Нурмукашева және пән оқытушылары қатысты.Студенттер аналарға өз өнерлерін көрсетті. Топ студенті Қайреденова Лунара  «Анаға арнау»  атты өз шағармашылығынан өлең оқып, Досқалиева Шынар топ студенттерінің жетістіктерін, тәрбиелік шараға қатысуларын слайд арқылы түсіндіріп өтті. Шара барысында мақал - мәтелдердің жалғасын тауып,  алақан парағы таратылып,  өз отбасыларын  сипаттап жазып көрсетті. Студенттер аналармен,  ұстаздар арасында ойындар  жүргізді. Мейрамға орай студенттер аналармен ұстаздарға арнап ықылас гүлін ізгі тілегімен табыс етіп, «Анаға сәлем» әнімен аяқталды.

Бұл шара арқылы студенттер ұйымдастырушылық қабілеттерімен қатар өздеріне аналардан олардың сөздерінен үлгі өнеге ала білді.

 

FaLang translation system by Faboba