21 қараша күні облыстық М.Мәметова атындағы мұражай-үйіне   Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің оқытушысы Тасқалиева Г.Н. 3б КШК, 2б КШО, 2кб КДО тобының студенттерімен «Он сегізде от кешкен»  соғыс ардагері, аталмыш мұражайдың ашылуына еңбегін сіңірген, ұстаздық жолда көп еңбек еткен Оқас Әлмұханұлы Әлмұхановтың 90 жылдығына арналған шара өтті. Шара қонақтары: Ұлы Отан соғысының ардагері Жұмағалиев Бисен Жұмағалиұлы, тыл ардагері Батыров Мақсот Қажғалиұлы, ҚР Қарулы Күштерінің ардагері Николай Алексеевич Дегтярев, мәдениет ардагері, өлкетанушы –Жайсаң Ақбай, еңбек ардагері Р.Л. Кужекова, еңбек және мәдениет ардагері С.Н. Анищенко, еңбек ардагері,  Ұ.И. Ершуриева атындағы «Әжелер сәлемі» халықтық ансамблінің жетекшісі Ә.Ж. Дәуленова, профессор, оқытушы, Окас Әлмұханұлының ұлы Болат Әлмұханов, қызы Әлмұханова Қатима Әлмұханқызы қатысты. Шара алдымен Оқас Әлмұханұлының еліне сіңірген еңбегінің дәлелі ретінде жасақталған көрмені ашудан бастады. Кейін арнайы шара келген ардагер ағаларымыз Оқас Әлмұханұлы туралы естеліктерін айтып, жастарға ғибратты әңгіме айтты, болашақтарына сенім артты. Үнемі біздің колледжімізбен шығармашылық байланыста болғандықтан, 3б КШК тобының студенттері Сырымов Меңдібек, Қауанов Нұршат, Қайырғалиева Айбота «Туған жер», «Отаным» өлеңдерін мәнерлеп оқу, «Қазақстан-Орал» телеарна тілшілеріне шара туралы сұхбат берді. Шара өз мақсатына жетті, студенттер өздеріне керекті мол ақпарат, тәлім-тәрбие алды.

FaLang translation system by Faboba