16.09.2014ж оқытушы А.Т. Зайнуллина  І, ІІ, ІІІ курс КДО, КШО топтары арасында тіл айлығы шеңберінде  «Драма» үйірмесінің «Ертегілер елінде...»  әдеби байқауын өткізді. Шараның мақсаты: дарынды студенттерді іздестіру, олардың актерлік қабілеттерін дамыту.  Байқауға алты топ қатысты. І бөлім ертегілерден сахналық көрініс көрсету, ІІ бөлім сұрақтарға жауап беру, ІІІ бөлімде қатысушылардың шапшаңдығы мен тапқырлығы сынға түсті. Берілген уақыт ішінде  белгілі бір тақырыпқа ойдан ертегі құрастырды. Топтар жақсы дайындалып, белсенділіктерін, білімдерін көрсетті.   Байқау қорытындысы бойынша І орын 1б КШО тобы, ІІ орын 3б КШО тобы, ІІІ орынды 2в, 2г КДО топтары иеленді.

 

FaLang translation system by Faboba