2014 жылы 3 қыркүйек айында қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы «Ана тілім  – арманымның ақ шыңы»   тақырыбындағы  айлығының ашылу рәсімін өткізді. Н.Қ. Султанова- қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі айлық басталуымен    студенттер мен оқытушыларды құттықтап, негізгі шараларға шолу жасап, пән айлыққа белсенді қатысуға шақырды. 1бКШК, 2бКШК тобының студенттері қазақ тілі туралы әдемі өлеңдермен рәсімін жалғастырды.

 «Ана тілім  – арманымның ақ шыңы» айлық   шеңберінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Л.Н. Нагимова 1б КШК тобымен бірге Х. Есенжанов атындағы кітапханасында елбасымыз Н.Ә Назарбаевтың жолдауында  «Бір халық, бір мүдде, бір болашақ-2050 стратегиясы» туралы,   «Алтын заңым- ерлігімнің, елдігімнің нышаны» тақырыбында тәрбие сағаттарына қатысты.

 05.09 күні Елбасымыз Н.Ә  Назарбаев айтқандай « Үйдің берекесі  қабырғасының қиюымен емес, теңінің жиюымен, отбасындағы сыйластықпен, татулықпен кіреді»  деген екен.  Сондай-ақ  елбасымыз  жаңа  кезеңдегі  әлеуметтік саясаттың маңызды құрамдас бөлігі ретінде,  ана мен баланы қорғауды жариялады, тағы бір сөзінде « Сендер- отбасының, демек, мемлекеттің тірегісіздер»  деп айта кеткендей  7 қыркүйек аналар күні  және отбасы күні ретінде шешім қабылданды, соған орай колледжімізде айлық аясында     « Анамыз бар мейірлі» атты тақырыбында әдеби-сазды кеш өткізді.

Кеш жүргізушілері: Қуандықов Ербол ,                       Кеш өнерпаздары

                               Ахмедиярова  Балқия 

  

 Ұстаз-аналар мерекені тамашалауда

FaLang translation system by Faboba