«Қарттар – біздің асыл қазынамыз» дегендей 1 қазан - Халықаралық қариялар күніне орай сонымен қатар осы мерекемен тұспа –тұс келіп отырған Ұлы ұстаздар күніне «Ұстаз деген ерен тұлға елдегі,Шәкіртімен ақталады еңбегі» атты ұлағатты,ардагер ұстаздарымызбен кездесу кешін студенттеріміздің бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата – бабасын ұмытпай сақтау үшін және салт – дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу, қарияларымызға, жалғыз басты зейнеткерлер мен мүгедек қарияларға қоғамның назарын аудару, сондай-ақ оларға материалдық, әлеуметтік-тұрмыстық және өзге де көмек түрлерін көрсету. Халықаралық қариялар күні шеңберінде тегін концерттер, қайырымдылық қойылымдар мен түрлі шаралар өткізу сонымен қатар студенттерге ұстазды құрметтеуге,сыйлауға үйрету,ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету.«Ұстаз ұлы тұлға» екендігін кең көлемде дәріптеу мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушысы Л.А.Нагимова өткізді.

Кеш қонақтары өз еліне жарық, жарқын өмір сыйлаушы «адамзат бақыты- білімде ғана» деп білім жолын жоғары қойған,Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде және Ж.Досмұхамедов атындағы Орал педагогикалық колледжінде ширек ғасырдан астам саз пәнінен дәріс беріп, болашақ ұстаздарды тәрбиелеп жүрген ұлағатты жан,«Қазақ ССР-інің білім беру үздігі» деген құрметтті атағының иегері,ардақты ардагер ұстаз,композитор,Роза Ажмұратқызы.

Көп балалы,Алтын алқалы,«Ару аналар қоғамдығының» жетекшісі,Аналар Ассамблеясының кеңес мүшесі,Ардагер ұстаз ақ жаулықты әжеміз Ермұханова Мәншүк Жолдығалиқызы.4бКШК тобының ата-аналар комитетінің төрағасы, үлкен жүректі, ақ ниетті, адамгершілігі мен қайырымдылығы мол,аяулы ана,асыл әже Сарбасова Зоя Дахасовнаболды.

Жақсының өзі өлсе де сөзі өлмейді дегендей кездесу, сыр –сұхбатымыз арқылы ардагер ұстаздарымыздың кемел ақылы, дархан мінезі, қабілет-қарымы, студенттерге өнеге болды. Апайларымыздың ұстаздық, оқушы кездеріндегі қызықты оқиғаларымен танысып, «Барға тасымаған, жоққа жасымаған» жарқын бейнесін, ғибратты сөздері жүректеріміздің түкпірінде қалдырды.

FaLang translation system by Faboba