23 қыркүйек күні КазИИТУ базасында ел президентінің «Болашаққа бағдар. Рухани Жаңғыру» мақаласы аясында «Қоғамдық сананы жаңғырту» тақырыбымен пікірсайыс оздырылып, оған Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттері белсенді қатысты. Пікір сайысты «Шабыт» қоғамдық ұйымы ұйымдастырды. Колледж студенттерінің барлығы да алғыс хатпен марапатталды.

  

Пікір сайысқа қатысушы 2а КШР тобының студенті Нұрмашев Нұралы өзінің қызықты пікірімен бөлісті:

- Маған сайыс өте қатты ұнады, мен ел президентінің мақалада бізге не айтқысы келгенін жаңадан ұққандай болдым. Бұл пікірсайыста біз жаңа достарымызбен пікір алыстық, ол болашақта көптеген жастардың санасында оң өзгерістер әкелетініне сенімдімін. 

Максимова Мадениет «Қазақстан –Орал» телеарнасына сұхбат берді. 

- Пікір сайыстан біз теория мен практиканы ұштастырып, тәжірибе алмастық. Және осы бастама бізге алдағы уақытта да осындай сайыстарға қатысып, жеңіске деген құлшынысымызды оятты!

 

FaLang translation system by Faboba