22 қыркүйек - Қазақстан Республикасының  халықтарының  тілдер мерекесі  күні № 4 аудиторияда  «Туған жерің түп қазығың, айбының» атты әдеби  танымдық сайыс 1бКШК, 1бКШО, 1бКДО, 1бКШФ, 1бКШМ топ студенттерінің арасында   қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен білімдік деңгейлерін байқау, саралау, студенттерді еңбексүйгіштік, адалдық борыш, ар-ұят секілді адами қасиеттерге тәрбиелеу,ана тілі арқылы студенттердің рухани дүниесін, шығармашылық қабілетін арттыру мақсатында оздырды. Сайысқа төрелік айту үшін қазылар алқасы болып, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі А.Т.Зайнуллина, орыс тілі мен орыс әдебиеті кафедрасының оқытушысы Р.К.Бекесова және 4бКШК тобының студенттері А.Бақытжанова, А. Дабыловалар қатысты. Сайыс 5 кезеңнен тұрды.

1.Таныстыру (презентация,өлең шығару)

2.  Мақал сөздің – мәйегі.(жалғастыру)

3. Постер (плакат қорғау)

4. Сұрақтар (қазақ тіл, әдебиет)

5. Өнерлі өрге жүзеді (өлең,ән, би)

1 орынға 1бКШК, 2 орынға 1бКШО, 3 орынға 1бКДО топтары ие болса, 1бКШМ, 1бКШФ топтары алғыс хаттарымен марапатталды.

FaLang translation system by Faboba