15.03.17. Жаратылыстану және қоғамдық пәндер кафедрасы айлығы барысында «Жас эколог» жетекшісі: Ф.К. Иштаеваның ұйымдастыруымен клуб мүшелері Батыс Қазақстан облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы «Жалын» жастар демократиялық орталығы мамандарымен кездесу ұйымдастырды. «Дұрыс тамақтану» тақырыбында маман Құрмашева Мөлдір семинар-тренинг өткізді. Сағаденова Назым Мұхамбетқалиқызы «Мен туберкулезді тоқтата аламын» тақырыбына тренинг жүргізді. Студенттер тек мағлұмат алып қоймай сұрақтар қойып, өз ойларын толықтай айтып отырды. Мамандар қойылған сұрақтарға жауап беріп отырды.

 

Соның ішінде қазіргі уақытта көп кешкі клубтарда кездесетін қордың зияндығы туралы «Жалын» жастар орталығының меңгерушісі Берікқалиев Әділет Ғаділбекұлы өз сөзінде баяндады. «Ішімдік пен темекінің алдын алу» семинар- тренингінде маман түрлі макеттер, бейнероликтер арқылы бұл заттардың адам денсаулығына өте зиянды екенін түсіндіріп өтті. Студенттер бұл макеттерді өздері пайдаланып көріп, нәтижесінде зиянды әдеттерден аулақ болу керектігі туралы өз ой пікірлерін ортаға салды.

Кездесу соңында студенттерге салауатты өмір салтын сақтануға қажетті брошулалар таратылды. Студенттер арбат бойына шығып, өздерінің бүгінгі күннен алған әсерлерін көпшілікпен бөлісу және түрлі темекі тартудың, ішімдік ішудің алдын алу мақсатында акцияға қатысып, брошуралар таратты.

FaLang translation system by Faboba