13.03.17ж. жаратылыстану және қоғамтану кафедрасының айлығы аясында химия және география пәні мұғалімі Джуматаева Нура Химетдиновнаның ұйымдастыруымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерінің салт-дәстүрлерін студенттер арасында таныстырып, көрсету мақсатында 1а КШР, 1б РШИ, 1 б РДО, 1б РШО топ студенттерінің қатысуымен сыныптан тыс шара өткізілді. Шара барысында қазақ, орыс, татар, украин, белорус, армения, каріс халықтарының салт-дәстүрлерімен таныстырылып, ұлттық киімдерімен тағамдары көрсетілді. Әр ұлттың тағамдарынан мұғалімдер мен көрермендер дәм татты. «Қазақ биін» Меңдеш Меңдіару мен Ибатолла Әсем биледі. Панарина Елена- 1аКШР тобының студенті «Нэсэ Галя воду» украин әнін шырқады. Шара көңілді, жылы жағдайда өтті.

 

 

FaLang translation system by Faboba