Ұлыстың ұлы күні  музыкалық білім алып жатқан колледжіміздің студенттері үшін нағыз мейрам болды.  Ұстаздары мен қонақтарды – қол алысып  көрісейік,

Ақ ниетпен бөлісейік,

Болмасын деп жамандық,

Жылдан жылға аман сау жетіп,

Шалқып-тасып жүрейік –деп қарсы алып ,дәм-тұз ұсынылды.

 

Мерекелік көңіл-күй одан әрі жалғасып

Ауыл-үйді аралап,

Жүздерінде  нұр ойнап,

Қыстан есен шықтық деп,

Бір жасымен құттықтап,

Каспий Жайық жайлайтын

Басқа өңірде болмайтын,

Құтты блсын Көрісу айт!

Жайықтың ерке жырын айт!-деп ән-күйге бөлеп,тәрбие сағаты жалғасты.

Жұбанова Құндыз мың бұралып би билесе, С.Ұ.Шыналиев  жетекшілік ететін «Жайық толқыны» фольклерлық ансамблі күмбірлетіп күй ойнады.Мерекелік шараны жүргізген: Таудаева Инабат пен Айтбай Айдар түрлі ойын-сауық ұйымдастырып, наурыз мерекесі туралы слайдтар арқылы мағұлыматтар берді. Мерекеева Индира «Наурыз думан»әнін шырқап тойды одан әрі қыздырды.

Мерекелік шараға қатынасқан оқытушылар  мерекемен құттықтап, биіктерден көріне берулеріне тілек білдірді.

 

FaLang translation system by Faboba