2бКДО тобының «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» атты  аналарға, ұстаздарға арналған мерекелік шарасы өтті. Шараға топ студенттері  өз өнерлерін көрсетіп, жаңа қырынан көріне білді. Кеш жүргізушілері:  Ерманова Айгерім мен Ғарифолла Жансая кешті өте жоғары деңгейде жүргізе білді. Студенттер топпен хор болып «Анашым» әні орындалды.

Келесі кезекті өз өлеңімен тебіренткен Серікова Жанеркенің  «Рахмет, саған, Ана!» атты өлеңі тыңдалды. Ата-аналарды, ұстаздарды, аруларды   құттықтау мақсатында сөз кезегі Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  Қосбаева Кунзия Кабибуллақызына  берілді.

 

Топты өз өнерімен таңқалдырған студенттің бірі Төлеуова Сымбат «Қазақ биін» биледі. Студенттер  ата-аналар мен ұстаздарға  арнап ойын ұйымдастырып көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлай білді. Аналар мен ұстаздар сайысы ұйымдастырылды.

Шара ортасында «2бКДО» КВН командасы өз өнерлерін көрсетіп,  жақсы көңіл күй сыйлады. Және аналарға сый ретінде топ студенттері видеоролик құрастырп көрсетті.  Шара өз мақсатына жете білді.

 

FaLang translation system by Faboba