14.02 күні  Қазақ  тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушысы Л.А Нагимованың  3бКШК тобының  студенті Қайрат Әсемгүл  «Жас Отан» Жастар қанаты БҚОФ  ұйымдастыруымен  «Ақиқат» пікір-талас клубымен бірлесіп,Батыс Қазақстан инновациялық технологиялық  университетінің  әкімшілік ғимаратының акт залында Елбасы  Н.Ә Назарбаевтың  ел дамуының жаңа бағыттарын айқындауға арналған «Үлкен дебат»  күні өтті.     Шара барысында  халықаралық республикалық  деңгейде жеңімпаз атанып жүрген пікірсайысшылар стратегиялық  тұрғыдан маңызды конституциялық  реформасын талқылау бағытында көрсетілім ойындарын өткізді.

 

15.02 күні Л.А Нагимованың  3бКШК тобының  студенттері  Саламат Ернар, Бақытжанова Алтынай, Қайрат  Әсемгүл  Батыс Қазақстан  облысының «Жас Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанатының  «Жас саясаткерлер»  мектебіне  қабылданып,  «Еркін пікір» дискуссиялық алаңының  кезекті отырысына қатысты. Басты тақырып - Елбасы жолдауы және Конституциялық  реформалар. Шараның басты мақсаты-құрталқылап қана қоймай,жолдау бойынша жастардың ілгерілеу бағытын анықтау,тиімді механизмдерді ұсыну,мақсатымызды айқындау болып табылады.Шараға эксперт ретінді п.ғ.д.,профессор Рустам Сүлейманұлы,облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Аян Сақошев қатысты.Эксперттердің жолдаудан туатын өзгерістер жөнінде сөздердің тыңдағаннан соң,жастар тарапынан  Халықаралық деңгейдегі конституциялық өзгерістер тәжірибесі,жолдауда көрсетілген тіл мәселесі,ауыл мұғалімінің статусы,жас мамандардың дайындығы,мектеп оқұшыларының мамандық таңдауы жөнінде сұрақтарын қойды.Тұшымды жауаптарын алды.Отырыс қорытындысы  бойынша облысымызда-«  атты жастар алаңы құрылатын болады;- Жастар тарапынан басқарма қолдауымен  проф-ориентациялық  жұмыстар жүргізу бойынша жастар өкілдерінен топ құру,- Жас мұғалімдердің  басын біріктіретін шаралар ұйымдастыру жөнінде білім басқармасына ұсыныс беру ,-  Отырыс мүшелерінің  Конституциялық  реформалар жөніндегі қолдауы білдіру.

17.02 күні  3бКШК тобының «Жас Отандықтары» Саламат Ернар,Бақытжанова Алтынай, Қайрат  Әсемгүл  «Пайымды пікірлер» иелері атанып - Қадыр орталығына  барды. БҚМУ  конференция залында машықкерлерінің ұйымдастыруымен ,белсенді жастардың қатысуымен  «Жасаушы адам ба,заман ба?» тақырыбында пікірталас өтті.Шарада  «Аға буынның сенімін ақтап жүрміз бе?», «Ел тарихында текті таңба болған тұлғалардай біз еңбек сіңіре аламыз ба?», «Бағзы бабаларымыз қазіргі жастардың  жағдайын көрсе қандай күйде болар еді?», «Бүгінгі жас буынның жалыны қаншалықты?» ,«Қазақ көгіндегі алтын күнді жарқырата түсу үшін  не істеп жатырмыз?»секілді мәселемен басталған  пікірталасымызда  сан тараулы сұрақтар ортаға алынып талқыланды.(Қазақстан Орал телеарнасынан  көрсетті)

Жас Отандық  3бКШК тобының  студенті Саламат Ернар 103 жастағы еңбек ардагерінің батасын алды.Ардагерлерді ардақтайық жобасы аясында 1915 жылы дүниеге келген  Абатқалиева Қабира Әжігерейқызына «Еріктілер мектебінің» тыңдаушыларындағы достарымен бірге барып,ауласындағы қалын қарын тазартып,әженің қиын-қыстау кездеріндегі оқиғаларын тыңдап қайтты.

FaLang translation system by Faboba