2016-2017 оқу жылының 10 қаңтар – 10 ақпан аралығында Республика көлемінде Жалпыға бірдей білім беру айлығы мен «Қамқорлық» акциясы аясында Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде дәстүрлі «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы өтуде. Бұл акцияның мақсаты - күнкөрісі төмен, көпбалалы және тұрмысы қолайсыз отбасылардан шыққан (жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер) және басқа санаттағы студенттер мен жалғызбасты, асыраушысы жоқ қарттарға көмек пен қолдау көрсету арқылы студенттердің бойында  адами асыл қасиеттерді (адамгершілік, үлкенді сыйлау, мейірімді болу, тек қана жүрекпен жеткізу) қалыптастыру.  

 Акция барысында айлық жұмыс жоспары құрылып, бекітілді. 

Акция аясында «Жас тәрбиеші» үйірмесінің (жет.Шотова Г.С.) ұйымдастыруымен «Мейірімді жүрек» атты облыстық балалар үйі тәрбиеленушілерінің шығармашылық жұмыстарынан көрмелер, суреттер байқауы ұйымдастырылды

Оқытушы Ж.Ж.Нәбиева жетекшілік ететін 1 б КШО  тобымен Орал қаласы, Балауса көшесі, № 5 үйде тұратын көпбалалы отбасынан шыққан топ студенті Мерғалиева Айзаданың жанұясына, оқытушы  А.Ғ. Төлеутаева жетекшілік ететін 2б КДО тобы ата-аналарына хабарласып, «Қамқорлық» акциясы туралы түсінік беру барысында 7000 мың теңге көлемінде жиналған  қаржыға азық-түлік, жеміс – жидекпен, бауырларына оқу құралдарымен көмектесті. 

  

Колледжде озырылып жатырған «Қайырымдылық» акциясына 2 б КШИ, 1 в КШИ топтары да (жет.Кабдушева М.С.) атсалысты. Орал қаласының М.Жүнісов көшесі, 32-2 пәтер тұрғыны, ІІ топ мүгедек Елекешов Асылбек Орынбасарұлының отбасына көмек көрсетілді. 

20 қаңтар күні оқытушы Имашева А.С. жетекшілік ететін  3 б КДО тобы студенттерімен  Алмазов көшесіндегі 69/13  үй, 13 пәтер тұрғыны, еңбек ардагері Кураксина Тамара Иосифовна  үйін жинасуға көмек беріп қайтты.

 

26 қаңтар  күні  оқытушы  Джакупова  Р.Г.  жетекшілік  ететін  1бКДО  тобымен  БҚО  әкімдігі  білім  басқармасының  «Зерде  бұзылыстары  бар  балаларға  арналған  облыстық  арнайы  мектеп-интернаты»  коммуналдық  мемлекеттік  мекемесіне   барып,  мектеп-  интернатта  оқитын  2,3,4  сынып  оқушыларына   «Шуағын шашқан аялы алақан»   атты  шара  өткізді.  

 

Оқытушы Сарсенгалиева  Т.С.  жетекшілік  ететін   1в КШК, 2 бКШК тобы  бірлесіп  Орал қаласының Самарская,63  көшесінің тұрғыны Төлегенова Толқын Исатаевна есімді көп балалы жанұяға және Кердері,71 көшесі тұрғыны Валентина Николаевна есімді ардагердің үйінің есік алдындағы қарын ашып, үйін жинасуға көмектесті. 

27 қаңтар  күні   оқытушы  Иштаева  Ф.Қ.    жетекшілік  ететін  3б КШО  тобымен  Орал қаласының  Достық – Дружба,115 үйінің тұрғыны, жалғыз басты ана Қайырбаева Рая апайдың үйіне барып, көмек қол ұшын берді. Топ болып бірігіп су тасып, түрлі тағамдармен қамтамасыз етті. 

          

3б КШК тобы жетекшісі Нагимова Л.А., 3б КШМ тобы жетекшісі Идрисова А.Р., 1б КШМ тобы жетекшісі Нурушева Н.М. ұйымдастыруымен «Қамқорлық» акциясы аясында «Орал арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне «Қарттарым – асыл қазынам» атты тақырыпта концерттік бағдарламасымен барды. 

1б КШК,КШТ тобы студенттері «Қамқорлық» акциясы аясында жас маман А.З. Нұрғалиевамен бірге Некрасов,35 көшесінде тұратын 84 жастағы  жалғызбасты зейнеткер Шакенова Насыпханым әженің үйін жинап, ауласындағы қарды шығарып, азық-түлікпен қөмек көрсетіп, әжемен біраз әңгімелесіп қайтты.  

«Қамқорлық» акциясы колледж қабырғасында әлі де жалғасуда. 

Өткізілген қайырымдылық акциясы студенттерді өмірде жиі кездесетін қиыншылықтарды жеңе білуге, төзімділікке және ата-аналарын сыйлауды, барға қанағат ете білуге үйретеді.       

«Назерке» қыздар клубының мүшелері (жет.А.А.Аманбаева) қаладағы М.Мәметова атындағы мұражайда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Қазақтың ұлы әйелдері» атты шара өткізді. Шараның негізгі мақсаты-Қазақ елінің тәуелсіздігіне өзінің үлесін қосқан қаазқ қыздарының ерлігін дәріптеу және олардың ерлік істерін үлгі-өнеге тұтып, студенттердің бойында отансүйгіштік қасиеттерін дамыту. 

Шара басталмас бұрын  студенттер мұражайдың тыныстіршілігімен танысты. Мұражай қызметкері М.Мәметова туралы студенттерге ақпарат берді.

Қыздар клубының мүшелері қазақ халқының тарихында аттары алтын әріппен жазылған 25 қазақ әйелінің өмір жолдарымен, шығармашылығымен таныстырды. 

FaLang translation system by Faboba