28.12.2016ж колледж құрылтайшысы, п.ғ.д. Ш.Х.Курманалина және комиссияның қатысуымен студенттердің дипломалды портфолио қорғауы оздырылды. Комиссия құрамында Ж.Досмұхамедов атындағы колледжі ДОІЖ орынбасары Ш.С.Набидоллина, ДОӨЖЖ орынбасары М.С.Мукашев, Орал гуманитарлық-техникалық колледжі ДОІЖ орынбасары Ф.Н.Макашева, ДОӨЖЖ орынбасары Ж.Ж.Жонкарбаева болды. 4б КШК тобының портфолио қорғауы №4 аудиторияда ұйымдастырылды. Әдіскерлері: А.Т.Зайнуллина, Ж.К.Кадиралиева.

Топтың таныстырылымын Серікбаева Жансая жасады.  Топ студенті жас ақын  - Ташаева Бақыт  өз арнауын оқып, комиссия мүшелерінің ризашылығына бөленді. Муратова Гаухар 5-сынып әдебиет, ІІІ тоқсанға арналған «Ы.Алтынсарин «Өзен» тақырыбына арналған сабақ жоспары мен көрнекіліктерін, презентациясымен таныстырды. Сабақ жоспарының кезеңдеріне нақты тоқталып, тақырыптың ерекшелігін ашып, сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдерімен бөлісті. 

Жайықова Феруза 6-сынып қазақ тілі «Сан есім» тақырыбында сабақ жоспарымен таныстырды. 

 

   

4б КШО тобының портфолио қорғауы №46 аудиторияда ұйымдастырылды. Әдебиеттік оқу, қазақ тілі пәндерінен топ портфолио жасақтады. Портфолиода қазақ тілі, әдебиеттік оқу пәнінен ІІІ тоқсанға арналған құзыреттілікке бағытталған күнтізбелік-тақырыптық жоспарлар мен сабақ жоспарларын жинақтады. Көрнекіліктер мен дидактикалық материалдар жасақтады. Комиссия мүшелеріне 4 б КШО топ студенті Айтмұхамбетова Айкөркем 3-сынып қазақ тілі «Шығыс септік» тақырыбындағы сабақ жоспарымен, көрнекіліктерімен таныстырды. Қойылған сұрақтарға жауап берді. 

 

FaLang translation system by Faboba