17 қыркүйек күні Атоян атындағы орталық стадионда Орал гуманитарлық - техникалық  колледж  оқытушылары мен 1 - 4 курс студенттері арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы шеңберінде  «Мәңгілік ел ертеңі – дені сау ұрпақ» ұранымен "Денсаулық фестивалі - 2016" спорттық мәдени шарасы оздырылды.

Аталған шара спорттың 10 түрінен өткізілді: "100 метрге жүгіру", "Көңілді старт", "Арқан тарту", "Кіші футбол", "Баскетбол", "Гір тасын көтеру", "Ядро итеру", "Асық ойыны", "Кермеге тартылу", "Топ жетекшілер сайысы". Бұл спорттық – көпшілік сайыстарға колледжден 30 оқытушы, 250 студент қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

FaLang translation system by Faboba