1- Мамыр күні Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде «ЫНТЫМАҚ, БІРЛІК, КЕЛІСІМ – ЕҢ БАСТЫ БАЙЛЫҚ ЕЛ ҮШІН!» тақырыбында достық фестивалі өтті.

Мақсаты: студенттерге  Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру,қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету.Көрнекілігі: слайдшоу, гүлдер, шарлар, ұлттық киімдер.

Шараға колледж әкімшілігі,оқытушылар, студенттер қатысты.

Мереке барысында әр ұлттың ән-билері орындалды, мақал-мәтелдері, жұмбақтары жасырылды, ұлттық киімдердің сәндік үлгілері көрсетілді,спортшылар өз шеберліктерін көрсетті, жас ақындар арнауларын жолдады. Кабинеттер мен дәліз салтанатты безендірілген.Колледж фойесінде мерекелік фильм көрсетілді, музыка ойнады. Оқытушылар мен студенттер ұлттық киімдермен келген қонақтарды қарсылады, кабинеттерде тәрбие сағаттарын ұйымдастырды. Шараға барлық оқытушылармен 120 студент қатысты.

 

FaLang translation system by Faboba