2016 жылдың 08 сәуір күні «Педагогика және психология» кафедрасының оқытушысы Т.У. Маденова 4кбКДО, 4бКДО тобында  «Бейнелеу өнері негізі мен оқыту әдістемесі» пәнінен «Қағаздан, табиғи заттардан, қораптардан, т.б. қалдық материалдардан құрастыру» тақырыбында АКТ-ны қолданып сабақ өткізді. Сабақ басында оқытушы студенттердің көңіл қүйлерін көтеру мақсатында релаксация сәтін ұйымдастырды. Барысында оқытушы дамыта оқыту технологияны пайдаланып, ересектер тобындағы қағаздан  «Ұлттық бас киім» жасалу жолдарын трек-схема арқылы түсіндірді. Машық барысында студенттер «Қалпақ», «Айыр қалпақ» тақырыбына әдістемелік нұсқасын жасап техникалық әдістерді меңгерді. Сабақ соңында студенттердің жұмыстары талданып, тиісті бағалар қойылды. 

 

FaLang translation system by Faboba