2016 жылы  26 ақпан күні  Еуразия  индустриалдық –экономикалық колледжінде Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жалпы білім беретін және арнайы пәндер оқытушыларының арасындағы «Әдістемелік идеялар фестивалі» облыстық байқауы оздырылды. Байқауды ұйымдастырған БҚО білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, ТжКББ ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті. Байқаудың мақсаты: Техникалық және кәсіптік білім беруде бәсекеге қабілетті маман  даярлауда озат тәжірибелері бар шығармашыл педагогтарды, олардың әдістемелік жұмысты жетілдіруде инновациялық, дәстүрлі емес ұсыныстарын анықтау және тәжірибесін тарату. 

 Облыстық байқау екі бөлімнен құрылды: І бөлім- «Портфолионы қорғау», ІІ бөлім төрт кезеңнен тұрды. Колледж  атынан фестивальға педагогика, психология пәні оқытушысы Бекетаева Самал Камбаровна қатысты.  І бөлімі (сырттай) ПОРТФОЛИО сайысы,  2 бөлім төрт кезеңнен тұрды:

1кезең-  «Әртүрлі сабақтар, бірақ  әрқайсысы шеберлікпен құрылған» (әдістемелік идеясын презентациялау);

2 кезең- «Электрондық оқулық»(оқыту немесе тәрбиелеу әдістемесі бойынша  материал құрастыру);

3 кезең - «ЭКСПО 2017»- болашақ технологиясының  көпірі (берілген тақырып бойынша шығармашылық жоба жұмыстарын қорғау);

4 кезең – «Педагогикалық қоржын» (қатысушы жеке қасиеттері мен кәсіби жетістіктерін бейнеролик арқылы көрсету). 

Барлық кезеңдерден  сәтті өтіп, Самал Қамбарқызы жүлделі ІІІ орынды иеленді. І орынды Орал мұнай, газ және салалық технологиялар колледжінің информатика пәнінің оқытушысы, ІІ орынды Ж.Досмұхамедов ат. педагогикалық колледжі дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы Кужахметова Асель Биржановна.

  

FaLang translation system by Faboba