2015 жыл 10 желтоқсан  күні Қазақ хандығының 550 жылдығы және  Алаш күніне арналған «Алаш тағдыры – ел тағдыры» атты жоғары және арнайы орта оқу орындары арасында студенттер байқауы оздырылды. Байқауды «Ақжол» демократиялық партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы және Ж.Досмұхамедов атындағы «Қайраткер» қоғамдық қорының қолдауымен ұйымдастырылды.

Мақсаты - Алаш қайраткерлерінің өмірдеректері мен қоғамдық қызметіне талдау жасау, студенттерді ғылыми ізденіс жұмыстарына баулу.  Орал гуманитарлық-техникалық колледжі студенттері қатысып, жүлделі ІІ орын және белсене қатысқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды.

4бКШК тобы студенті - Ізмұханова Гүлназ  «Ісі-үлгі, өмірі – өнеге» тақырыбында Алаш және қоғам қайраткері Нұрғали Ипмағамбетов туралы ізденіс жұмыстарын жүргізіп, тың ақпараттар ұсынды. Қоғамдық пәндер кафедрасының оқытушысы Утегенова Набира Ақылбекқызы ғылыми жетекшілік жасады.

1бКШИ тобы студенті - Мизамғали Данагүл - «Уәлитхан Танашев – Алаш жетекшісі, қоғам қайраткері» тақырыбында зерттеулер жүргізіп, Уәлитхан Танашев туралы қосымша ақпараттар жинақтады. Қоғамдық пәндер кафедрасының оқытушысы Джакупова Райгүл Ғазизоллақызы ғылыми жетекшілік жасады.

 Байқау қорытындысымен Ізмұханова Гүлназ  жүлделі ІІ орынды иеленді. Мизамғали Данагүл - белсене қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.

FaLang translation system by Faboba