Алғыс айту күніне-сан түрлі сынақтардан өткен халқымыздың ынтымақ-бірлігін айғақтайтын ерекше күн. Алғыс айту күніне орай колледжде мерекелік шара өтті.

Мерекелік шараға колледжіміздің құрылтайшысы Ш.Х.Құрманалина ардагер ұстаздарымыз Ш.С Набидоллина ,И.К Калченко ,Ж.С.Бигалиева және де 24 озат ,белсенді студенттердің ата-аналары қонаққа шақырылды. Колледждің студенттік парламент мүшелері қонақтарға көңілді мерекелік кеш ұйымдастырды. Сондай-ақ Қазақстан халқы ассамблеясы,жастар қанаты мүшелері шешен, кәріс халқының өкілдері Алиева Залина және Елиаев Арынғазы келіп қазақ халқына алғысын білдірді. Алғыс айту мерекесіне орай колледж атқарушы директоры, п.ғ Академиясының академигі Л.Ж.Утарбаева колледж студенттеріне тәрбиенің мәнін дарыта білген ата-аналарына алғыс хат табыстады. Мерекелік шара барысында ардагер ұстаздарға ,оқытушыларға,колледж кіші қызметкерлеріне алғыстарын жаудырып өз өнерлерін көрсетіп , жақсы көңіл-күй сыйлады. Көктемнің алғашқы күні және алғыс айту күні құтты болсын!???????? Бізбен бірге болғаныңыз үшін рақмет,сүйікті тыңдарман!????

FaLang translation system by Faboba