8 наурыз аналар мерекесіне орай 1аб КШФ топтары «Сіздер үшін, махаббатпен» атты мерекелік шара ұйымдастырды. Мақсаты – Ана - өмір гүлі, анаға тек ұлылық тән екенін ұғындыру, анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру және студенттерді аналардың еңбегін бағалай, құрметтей білуге тәрбиелеу.

Шара барысында аяулы аналарымыз бен ұстаздарға арнап өлең шумақтарын оқып, жүрекжарды лебіздерін білдірді. Ән жырларын тарту етіп, мерекелік көңіл күй сыйлады. Ана. Бұл сөз әрбір халықтың тілінде бар. Барлық тілде де бұл қасиетті сөз, нәзік, мейірімді жылы естіледі. Ана дегеніміз - әлемнін жан дүниесі . «Ана» деген ұлы есім. Студенттер ізгі тілектерін жеткізіп, баршаға мерекелік көңіл күй сыйлады.

FaLang translation system by Faboba